- Негізгі бет
- Аспаздық
- МӘЗІР: Фасоль салаты...
МӘЗІР: Фасоль салаты
Бұл мәзір тәжірибемдегі тойымды тамақтардың арасында дайындалуы ең оңай, ең тез пісетін тағамдардың бірі. Күнделікті асқа, не мерекелік үстелге ыстық, не суық дәмтатым ретінде ұсынсаңыз болады.
Құрамы:
| |
Сәбіз бен пиязды орташа текшелерге тураймыз. | |
Қызған майға сәбізді, бірнеше минут өткеннен кейін пиязды қосып қуырамыз. Аздап тұздап қойсаңыз болады. | |
Қуырылған көкөністерге фасольді қосамыз. Консервідегі суын қоспаған дұрыс. Тұздап, бұрыш қосыңыз. Араластырып, баяу отқа 10-15 минутқа бұқтырамыз. | |
Фасоль қосылған салат дайын. Ыстық не суық күйінде дастарханға ұсынсаңыз болады. Астарыңыз дәмді болсын! |
Дайындаған: Сания Аринова
С. А