Тұздың қосымша қырлары – 2

Тұздың қосымша қырлары – 2

1. Құрғақ тұздың ішінде шикі жұмыртқаны көп уақыт бойы сақтауға болады.

2. Егер ет пен балықты күн ыстықта бұзылып кетуден сақтағыңыз келсе, тұз ерітіндісіне салынған шүберекке ораңыз.

3. Алюминий ыдысыңыз қарайып кетпесін десеңіз, ішіне тұзсыз суды қайнатпаңыз.

4.  1 ас қасық тұзға 2 ас қасық сірке суын қосып, артынша екеуін суға салсаңыз, хрусталь ыдыстарды сүртуге арналған жақсы ерітінді шығады.

5. Жаңа сатып алған сыпырғышыңызды 2-3 сағатқа тұз қосылған суға салып қоятын болсаңыз, сізге ұзағырақ қызмет ететін болады.

6. Жүзі өтпейтін пышақты тұз ерітіндісіне салып қойсаңыз, оңай қайралады.

7. Көкіністердің ішіндегі майда жәндіктерден арылу үшін оларды пайдаланбас бұрын біраз уақытқа тұз қосылған суға салыңыз.

8. Суға қайнатып жатқан жұмыртқа жарылмас үшін үстіне тұз қосыңыз.

9. Отынды тұздайтын болсаңыз, жақсы жанады. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rudaki.ru

Қ. Бүйенбай