Құрамы:
Қант — 1,5 стақан
Жұмыртқа — 3 дана
Маргарин — 150 гр.
Ас содасы — 2,5 ас қасық
Бал — 4 ас қасық
Ұн — 4,5-5 стақан
Креміне:
Қоюлатылған сүт — 1 банка
Сары май — 200 гр.

Дайындалуы:
- Жұмыртқа мен қантты қосып, миксердің көмегімен араластырамыз;

- Маргаринді ерітеміз;

- Еріген маргаринді жұмыртқа мен қант қоспасына қосамыз;

- Үстіне 4 ас қасық балды қосамыз;

- Ыдыстағы қоспаны ыстық су құйылған кең ыдысқа саламыз(паровая баня);

- Қоспаны үздіксіз араластырып тұру керек (30 минут);
- Енді ас содасын қосып, қоспа көлемі 2 есеге ұлғайғанға дейін араластырамыз;
- 2 стақан ұнды салып, араластырып, суытып қоямыз;

- Бұл уақытта кремін дайындаймыз: 1 банкі қоюлатылған сүт пен сары майды миксердің көмегімен араластырамыз;


- Қалған ұнды да салып, қамыр илейміз;

- Қамырды 8-9 бөлікке бөлеміз. Әр бөлікті қалып көлемімен бірдей етіп жаямыз;

- Енді қамырларды 5 минуттан пісіреміз;

- Ыстық күйінде әр шелпекке дайындалған кремді жағып отырамыз;

- Крем жағылған шелпектерді қабатымен орналастырамыз;

- Соңынан барып, торттың қалған ұнтақтарын немесе жаңғақтарын сеуіп, сәндейміз;

Жаңажылдық торт дайын! Жаңа жыл құтты болсын!
