- Негізгі бет
- Аспаздық
- Мәзір: Көктал...
Мәзір: Көктал
Ұлттық дастарханымыздың ерекше тағамдарының бірі көктал жайлы біраз сөз қылған едік. Енді, қолданышумыз Жако Жұмағали ұсынған көктал мәзірін қабыл алыңыздар. Көкке серуендеуге шыққанда дайындауға әбден болатын бұл тағам оңай әрі өте тойымды. Тек балық пен кішігірім көкөністерді талап ететін бұл ерекше мәзірге арнайы көктал пісіретін пеш алып жүрсеңіз болғаны.
Құрамы:
| |
Алдымен балықты тазалап жуамыз, арқасынан екіге жарамыз. | |
Жарылған балыққа тұз сеуіп, майонезді жұқалап жағамыз, оның үстіне қызанақты домалақтап кесіп, жаямыз. | |
Тағы да майонез жағып, үстіне қиярды жайғастырамыз. | |
Тағы бір қабат майонез жағып (майонезді жұқалап жағу керек), оның үстіне бұрышты дөңгелек қылып кесіп, соңынан пиязды дөңгелектеп турап, жаямыз. | |
Жан-жағын қаңылтыр (фольга) қағазымен жабамыз. | |
От жағып, шоқ жасаймыз. Балықты салып пісіретін темірді қыздырамыз. | |
Дайын болған балықты қызған темірге қойып, қораптың ішіне шоқты салып, балықты пешке саламыз. | |
Пештің аузын мықтап жауып, жан-жағына отын жинаймыз. | |
Отты жан-жағынан жағамыз. Балықтың пісуіне 30 минуттай уақыт жеткілікті. | |
Шоқтар басылғаннан кейін, (45 минут шамасында) балықты аламыз. | |
Көктал дайын! Ас болсын! |
Автор: Жако Жұмағали
С. А