Мәзір: “Сиқырлы қапшық”

Мәзір: “Сиқырлы қапшық”

Қазір лаваштың дайыны дүкендерде сатылады. Ол өте жұмсақ әрі жіңішке қамырдан пісіріледі. Лавашты орап, қапшық етіп, ішіне ет пен көкөністерді салып, пісірсе, кешкі асқа дәмді сыйлық болады.

Құрамына:

Ет — 300 гр.

Картоп — 2 дана

Сәбіз — 1 дана

Пияз — 1 дана

Асқабақ — 300 гр.

Лаваш — 8 жайма

Тұз бен бұрыш — бір шымшымнан

Дәмдеуіштер — талғамға қарай

Дайындалуы:

Етті майда текшелерге турап, тапада қызған майға салып, қуырамыз;

Кейін оған майда етіп туралған пияз бен сәбізді саламыз да, бетін жауып біраз уақыт бұқтырамыз;

Енді картоп пен асқабақты да турап алып,  тапаға саламыз;

Тұз бен бұрыш сеуіп, қолда бар дәмдеуіштерді де сеуіп, араластырып, жай отта 20 минуттай  пісіреміз;

Бірнеше лавашты жайып, табада піскен қоспаны саламыз;

Бір лавашты  ұзынша тілімдерге кесеміз. Ол қапшықтардың аузын байлауға арналған бау болады;

Енді салма салынған лавашты орап, бауларымен аузын байлаймыз;

Дайын болған қапшықтарды 180 С  температурада қызып тұрған пешке, 15 минутқа саламыз;

Астарыңыз дәмді болсын!

А. Байжан