Бүгін – майонездің туған күні

Бүгін – майонездің туған күні

Бүгін әлемде ең танымал, көпшіліктің сүйікті тұздығы - майонездің туған күні. Түрлі деректерге сүйенсек, ол биыл 256 немесе 230 жасқа толды.       

Оның пайда болуының түрлі деректері бар. Солардың бірінде майонез 1756 жылы Маон қаласында алғаш әзірленген делінеді. Атауы да осыдан болуы керек, себебі майонез французша «mayonnaise», яғни «маондық» соус.        

Дәл сол кезде Франция мен Англия арасында соғыс болып жатқан еді. Ағылшындармен жауланып үлгерген жерлердің бірі Ришелье герцогының қарамағында болған. Өсімдік майы, лимон және жұмыртқа ғана қалған ас үйдің аспазы күнделікті жұмыртқа қуырып беретін. Бірсарынды тағамнан әбден жалыққан Ришелье аспазға жаңа тағам әзірлеуге бұйрық береді.         

Аспаз сұйық май негізіндегі тұздық жасауды ұйғарыпты. Бұл оқиға 1756 жылдың 28 мамырында болды деп есептеледі. Тұздық әскердегі ерлерге ұнап, "майонез" аталып кеткен екен.                      

Басқа дерек көздеріне сүйінсек, майонез Маон қаласы француз жерлеріне қайтқанда, яғни 1782 жылы жеңіс тойлану кешінде мерекелік дастарханға алғаш рет қойылыпты.                        

Бүгінде бұл тұздық әлемнің көптеген елдерінде танылып, қарапайым халықтың күнделікті рационында берік орнықты.               

Майонез – жоғары сапалы сұйық май, жұмыртқа сарысы, сірке су, лимон шырыны және тұз, қант, қыша сынды дәмдеуіштерден әзірленеді.              

Мамандардың айтуынша, күніне бір ас қасық майонез адам денсаулығына зиян емес. Одан артық майонез өзінің майлылығына байланысты бауырға зақым тидіруі мүмкін. Әрине майонезді асқорыту жүйесі зақымданған адамдарға күнделікті жеуге болмайды.      

            

Қазіргі майонездердің құрамына ол ұзақ сақталу үшін түрлі қоспалар қосылады. Табиғи, нағыз майонезді өзіңіз-ақ жасауға болады. Массагеттің майонез мәзірімен таныс болыңыздар.                

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: superdetka.com

С. А