- Негізгі бет
- Сымбат
- Көз астындағы дақтар...
Көз астындағы дақтар
Көз астындағы күңгірт дақтардың себебі түрлі болуы мүмкін. Бүйрек ауруы, шаршағандық, ұйқының жетіспеуі. Оларды косметиканың көмегімен жасырмай, ішінен жаздырып көріңіз.
- Тексерілген әдістердің бірі - ұйқы режимін дұрыстау. Ұйқысы қанбаған адамның терісінің түсі өзгеріп, бетінің табиғи шырайы жоғалады. Терісі ағара түскен адамның көзінің астындағы күңгірт дақтар да қаттырақ байқала бастайды.
- Көз маңындағы терінің қан жолдары көп болады, және олар теріге өте жақын орналасады. Сол қан тамырларын берік қылып, күңгірттіктен арылуға болады. Ең оңай шешім - көз маңындағы теріні мұз кесектерімен сүрту. Алайда бұл дауаны абайлап жасау керек. Тамырларыңыз тым қатты көрініп тұрған жағдайда, бұл әдістен бас тартқан жөн.
- Қан жолдарын берік қылу үшін дәрумендер де көмекке келе алады. Бұл жолда К дәрумені сізге пайдалы болмақ. Оны А дәрумені не оның туындыларымен бірге қабылдау керек - екеуі ағзамен жақсырақ қабылданады. Бұл дәрумен орамжапырақта көп кездеседі.
- Күңгірт дақтардың пайда болуының тағы да бір себебі терінің тым жұқа болуы. Оны күнделікті ылғалдандырып, қоректендіріп отыру керек. Маска, крем сияқты сырттан әрекет жасайтын құралдар жақсы көмек бола алады. Сондай-ақ көзді қолмен ұстай беру, не макияжды қатты басып сүрту терінің жағдайына әсер етуі мүмкін.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: homesovety.ru
С. А