- Негізгі бет
- Сымбат
- Косметиканың құрамында не...
Косметиканың құрамында не бар?
Әр ару күнделікті косметиканың бірнеше түрін қолданады. Алайда біз көп жағдайда оның құрамында не бар екені жайлы ойланбаймыз. Келесі жолы косметика сатып алуға барғанда жарнамаға сенбей, крем этикеткасын оқып, ақылмен таңдаңыз.
Түрлі кремдердің құрамына көптеген теріге пайдалы заттар қосады. Алайда олардың арасынан өзіңізге керек, ең пайдалысын таңдай біліңіз.
Сонымен, косметикалық құралдардың құрамында болатын заттар.
Антиоксиданттар. Олар күннен қорғаныс пен реңк беруші кремдер құрамында, күнге күюге арналған косметикада болады. A, C, E дәрумендерімен қатар кездесіп, жүзім сүйектері экстрактында көп болады.
Ретинол мен А дәрумені әжімдерді емдеуге арналған кремдерде жиі кездеседі. Ол теріні берік қылып, әжімдердің алдын алады.
Алоэ косметикалық құралдар өндірушілермен кең қолданылады. Ол теріні ылғалдандырып, жұмсартады. Сонымен қатар алоэнің антибактериалды эффекті жараларды емдейді.
Гиалурон қышқылының ылғалдандыру қасиеті өте жоғары. Сол себепті оны ылғалдандырғыш кремдер мен жара емдейтін гельдерге қосады.
Авакадо майы пайдалы май қышқылдарының қайнар көзі. Сол себепті ол жұмсартқыш, жасушаларды қалпына келтіру қасиетіне ие.
Май адсорбенттері: салицил қышқылы, шалфей, камфор майы, триклозан, балауыз бен лаванда майы теріні терең тазартып, жасартады.
Цинк пен кальций. Бұл компоненттер терідегі зат алмасуға жауап береді. Цинк майлы теріні залалсыздандырып, құрғатады. Кальций теріге беріктік береді.
Ылғалдандырушылар. Олар: глицерин, гиалурон қышқылы, авакадо майы. Аса ылғалдандыратын кремдердің құрамында болады.
А дәрумені. Немесе ретинол, ретинол қышқылы, ретин-А, ретиналдегид. Айтылып кеткендей ол терінің иілгіштігін жоғарылатып, сыртқы ортаның жаман әсерінен сақтайды. Теріге коллаген бөлінуді қадағалайды.
С дәрумені эластин мен коллагеннің синтезделуіне жауапты. Сондай-ақ ол бос радикалдардың ағзадан шығуын қамтамасыз етеді. С дәрумені бар крем алатын болсаңыз, құтысы мөлдір емесін таңдаңыз. Себебі күн сәулелерінің астында бұл дәрумен тез жойылып, қасиеті жоғалады.
Е дәрумені - әжімдердің алдын алатын антиоксидант. Кейбір мамандардың айтуынша, бұл дәруменді ұзақ уақыт қолдану тері қатерлі ісік жасушаларын бірден жояды.
Бояғыштар. Табиғи бояғыштары бар крем теріге еш зақым тидірмейді. Ал жасанды бояғыштардан абай болғаныңыз дұрыс. Ол теріңізге аллергия беруі мүмкін.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: ladynews.com.ua
С. А