ADIDAS-та "Қорқақ еркектерге" байланысты қызу талқы болды

ADIDAS-та "Қорқақ еркектерге" байланысты қызу талқы болды

"ADIDAS" әлеуметтік желіде, елімізде қазақ тілінің қандай деңгейде екендігін көрсететін тағы бір ақпарат қызу талқыға түсті. Атырау қаласының интернет қолданушысы Ғаламтор бетіне салып қойған суретінде «ADIDAS» компаниясы ер азаматтардың ішкиімін «Қорқақтар еркек» деп аударып қойыпты. 

Тамырын дүние жүзіне жайған «ADIDAS» атты алып компанияның Қазақстандағы желісінде бірде-бір қазақ тілді маманның болмағаны, әрине, өкінішті. Дегенмен, қазақ тіліміздің белден төмен киімді де дұрыс аудара алмайтын жағдайға жетуі де өкінішті. 

"ADIDAS" ЖШС-ның сертификаттау жөніндегі маманы Ләйла Бадигулованың айтуынша, компанияда кәсіби аудармамен айналысатын адам болмағандықтан, олар аудармашы агенттіктердің көмегіне жүгінуге тура келген.  

"UWKG" аудармашы компанияның көмегіне сүйенген едік. Қазір аударуға жіберілген сөздердің тізімін көріп отырмын, онда «мужские трусы» деген сөз «еркектер ішкиімі» деп аударылыпты. Ал «қорқақтар еркек» сөзінің баға көрсеткішке қайдан жабысқанын өзім де түсінбей отырмын", - дейді Ләйла Бадигулова.

Ақпарат көзі: bnews.kz

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: bnews.kz

Ж. FM