- Негізгі бет
- Сымбат
- Көз пішініне қарай...
Көз пішініне қарай smokеy eyes
Smokеy eyes атты көз макияжы бұрыннан бері сәнде. Дұрыс жасалынған smokеy eyes расында еліктірерлік көрінеді. Бұл макияжды ережелерге сай істеймін десеңіз, көз пішініңізді де есепке алған жөн. Мына кеңестер сізге көмектеспек.
Дөңгелек көз
- Қабақ бояуларының арасынан жарқындылығы бойынша орташа түс таңдап, оны қабақтың ортасынан, кірпікке жақын қылып, көздің сырт жағына дейін жағыңыз.
- Одан күңгірт түсті бояумен кірпік өсіп тұрған жер бойымен сызық жүргізіңіз.
- Қастың астына ашық түсті бояуды қосыңыз.
Қысаң көз
- Қабағыңызды түгел орташа реңкті бояумен бояңыз.
- Күңгірттеу түспен кіріпік өскен жер бойымен сызық жүргізіңіз.
- Қабақтың астына ашық реңкті жылтыр бояу жағыңыз.
Сопақ көз
- Көзіңізді үлкейту үшін, қабақтың ортасын ашық түсті бояумен бояңыз.
- Күңгірт түсті бояуды көздің сыртқы жағына дөңгелете жағыңыз. Қабақ шекарасынан шамалы шығу арқылы көзді үлкенірек етіп көрсете аласыз.
- Ашық, жылтыр бояудың бір түйірін көздің ішкі бөлігіне жағыңыз.
Smokеy eyes дайын!
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: cosmo.com.ua, thebeautyreview.com.au
С. А