Билеуге ұялатындар үшін

Билеуге ұялатындар үшін

Көпшілігімізде би кешіне келіп шетте ұялып тұратын әдет бар шығар. Әрине, барлығы да қай ырғаққа қалай билеу керектігін біле бермейді. Көп жағдайда «Айналамдағыларға күлкілі болып көрінемін бе?» деген қорқыныш болады. Олай болса, бұл жайсыздық сезімінен қалай арылуға болатынын талдап көрейік.

1-қадам: Егер би өнерін сапалы деңгейде меңгергіңіз келсе, сізге арнайы курстарға жазылу керек. Қазіргі таңда мұндай курстар тек балаларға ғана емес, ересектерге де арналады. Осылайша сенімді қозғалып үйренуге болады.

2-қадам: Бірақ өзіміз баратын той-жиындарда профессионалдық деңгейде билеудің қажеттілігі болмайды. Бар болғаны денеңіздің әр бөлігін сезіне білу керек. Ал оны меңгеру үшін фитнес клубқа барсаңыз жеткілікті. Әсіресе степ, гимнастика және колонетика сынды фитнес клубтардың маңызы зор.

3-қадам: Барлығымен бірдей қозғалуға тырысыңыз. Айналаңызға зер салып қарасаңыз, өзгелердің аяқ алмастырып билейтіндігін байқайсыз. Яғни бірін жерге тигізгенде, екіншісін жерден сәл көтереді. Мұнымен қатар қолды қандай жағдай болмасын қатты сермемеген дұрыс.

4-қадам: Мұндай жағдайда баяу билердің көмегі зор. Бар болғаны серігіміздің аяғын баспауға тырысуымыз керек. Ең бастысы практика болғандықтан, бос уақытыңызда да билеңіз.  

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: Ардақ Рысбектің жеке парақшасынан

Қ. Бүйенбай