- Негізгі бет
- Сымбат
- Оңтүстіккореялық косметика өнімдері...
Оңтүстіккореялық косметика өнімдері #1
Қазіргі кезде бет күтіміне арналған корей косметикасы көпшілікке танымал. Бірақ біз ол елдің косметикалық өнім шығаратын компанияларының барлығын біле бермейміз. Назарларыңызға тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, көршілес Тайланд, Қытай, Жапония, тіпті Америка Штаттарында да танымалдылығы артқан косметикалық брендтер тізімі мен өнімдерін ұсынамыз.
TonyMoly (ТониМоли) – Оңтүстік Кореядағы ең танымал брендтердің бірі. Бұл компания ерекше қаптамаларымен танымал. Әрі TonyMoly-дің өнімдері жоғары сапалы және қолжетімді бағамен сатылатынын да ескеру керек. Бренд 2006 жылы құрылған. Компания атауының астарында «сән» және «қаптама» деген сөздер жатыр. Демек, TonyMoly атауын «қаптамаға салынған сән» деп түсінуге болады.
Брендтің басты концепциясы қала тұрғындарына арналған сәнді, заманауи косметика ұсынуға құрылған, ал басты мақсаты – нәзік жандылардың терісіне айырылмас дос болатын косметика жасау.
SYN-AKE Wrinkle Line: жылан уы қосылған косметикалық құралдар сериясы
Бағасы 5 500 теңгеден 10 000 теңгеге дейін (тауарды қолдану мақсатына қарай)
TonyMoly-дің бұл серияны шығарудағы басты көздегені – теріге балғындық сыйлау. SYN-AKE Wrinkle Line сериясы керемет әсер ететін тоғыз құралдан тұрады: тоник, әжімдерді кетіретін екі корректор, эмульсия, иісмайлар, бетке арналған маска және қарқынды әсер ететін сарысу. Бұл құралдардың құрамында жылан уында кездесетін SYN — AKE қоспалары бар. Ол теріге ботокс тәрізді әсер етеді, бірақ жағымсыз әсері тіркелмеген.
Egg Pore: терідегі ұсақ тесіктерді тазалауға арналған құралдар сериясы
Бағасы 1 500-2 800 теңге аралығында
Ақ, қоңыр, алтын түсті үш жұмыртқадан тұратын жинақ. Есте бірден сақталатын дизайнымен қатар, нәтижелі әсер ететіндігімен де танымал. Бұл өнімдер жұмыртқа сіріндісі негізінде дайындалған. Ақ жұмыртқа – ұсақ тесіктерді терең тазалауға арналған гель; қоңыр жұмыртқа – майда тесіктерді тарылтуға арналған маска; алтын жұмыртқа – ұсақ тесіктерді сүртуге арналған гель-праймер.
Floria Nutra-Energy сенсациялық сериясы
Орташа бағасы 3600-5500 теңге аралығында
Бұл өнімдердің құрамындағы басты қоспа – қымбат арган майы (арган ағашы ЮНЕСКО-ның қорғауына алынған). Арган майымен қатар, мақсыр майы, түймедақ, жартас шоқпарбасының сығындылары қосылған.
Timeless Placenta Bound кремі
Орташа бағасы 13 600 – 17 300 теңге аралығында
Элиталық кремдер қатарына жататын Timeless Placenta Bound кремі ең көп сатылатын косметикалық өнімдердің бірі. Бұл кремнің құрамына табиғи алтын мен адамтамыр экстрактісі кіреді. Ал оның берер әсері де көп: нәрлендіру мен ылғалдандыру; әжімдерді жазу, меланин жиналуының алдын алу, тері серпімділігін қалпына келтіру. Кремнің қорабына қосымша заттар да салынған: қалақша, кішкене қорапқа салынған крем және ең бастысы – минутына 9000 соққы жасайтын массажер.
Сонымен қатар, Intense Care Live Snail сериясының өнімдері 90% ұлу экстрактісінен, 17 түрлі майдан тұрады. Бұл құралдардың қызанақ, піскен алма, шабдалы тәріздес ыдыстары да жұртшылықты бірден өзіне қаратады.
Жалғасы бар...
Дайындаған: Назерке Смағұл
Сурет: frufrus.ca, etonymoly.com
Y. Smaghul