Ұйқыны 4-5 сағатта қандыру жолы

Ұйқыны 4-5 сағатта қандыру жолы

Ғалымдардың айтуынша, адам баласына бір тәулікте 5 сағат ұйықтау жеткілікті. Осы аз ғана ұйқы адамға сергектік сыйлап, күні бойы күш-қуат береді екен. Егер 4-5 сағатта ұйқыны жақсылап қандырғыңыз келсе, төмендегі ережелерді мұқият сақтаңыз.

"Жылдам ұйқы" методикасы:

- Күні бойы бастан кешірген қиындықтар мен күйзелісті ұмытып, ұйықтар алдында сергіп алыңыз. Ол үшін 10-15 минут жанға жайлылық сыйлайтын әуен тыңдаңыз;

- Ұйықтар алдында асқазанды толтырып артық тамақ ішудің қажеті жоқ. Бұл ережені сақтамаған жағдайда ағзаңыз бар энергиясын қайта қалпына келуге емес, ас қортуға жұмсайтын болады;

- Ұйқыға арналған арнайы аксессуарларды пайдаланыңыз. Олар – хош иісті жастық, көзге арналған байлау және т.б.

- Ұйықтар алдында жылы душқа түсіңіз. Бұл тек денені тазартып қана қоймай, күні бойы жинақталған артық ақпаратты ұмытуға септігін тигізеді;

- Жылы жамылғыға ораныңыз. Мұздап жатқан адамның ұйқысы тыныш болмайды;

- Ағзаны 5 сағаттық ұйқыға үйретіңіз. Әдетте бұл әдет орташа есеппен 1 айдың ішінде қалыптасады;

- Аптаның бір күнін ұзақ ұйқыға арнаңыз. Яғни 8 сағат ұйықтаңыз.

- Түнгі сағат 12-ге дейін ұйықтап үлгеріңіз. Осыған байланысты Поль Брэгг сағат 12-ден кейінгі 2 сағат 12-ге дейінгі 1 сағатпен тең болатындығын айтқан болатын.

Ең бастысы жатар орныңыз барынша жайлы әрі таза болсын.

Ал сіз күніне неше сағат ұйықтайсыз?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rumbur.ru

Қ. Бүйенбай