- Негізгі бет
- Сымбат
- Қызыл далаптың қағидалары...
Қызыл далаптың қағидалары
Бұрын-соңды ерніңізді қып-қызыл далаппен бояуға батылыңыз жетпей жүрді ме? Қорқынышты әрі қойып, біздің кеңестерімізді пайдаланып, қызыл далапты өзіңіз тұрақты пайдаланатын косметикалық құралдардың арасына қосыңыз.
Бұған дейін де қызыл далап жағудағы ережелермен сіздерді таныстырған болатынбыз. Бүгін осы тақырыпты жалғастырып, әсіресе, қызыл далапты алғаш рет жағуға ниеттенген қыздарға көмектесейік.
Пилинг жасаңыз
Жарқын, қанық түстер еріндегі әр кемшілікті қатты көрсетеді. Еріндеріңіз тартымды көрінуі үшін, қызыл далап жағардың алдында ерінге жұмсақ пилинг жасап, тазартыңыз. Ол үшін кәдімгі бал мен қант қолдануға болады. Дауадан кейін ерінге қоректендіргіш бальзам жағып, оның сіңуін күтіңіз.
Құрамына көңіл бөліңіз
Қызыл далап сіз үшін тым жарқын, ыңғайсыз болса, жылтыр емес, бұлыңғыр текстуралы түрін таңдағаныңыз дұрыс. Бірақ ол өзінен кейін ерініңізді құрғатпайтындығына көз жеткізіңіз. Еріннің терісі өте жұқа әрі құрғақ келеді, сондықтан далаптың бұндай әсері жақсы болмас.
Ұзаққа сақтаңыз
Ортасы не шеттері кетіп қалған қызыл далаптан қорқынышты ештеңе жоқ екендігі қыздарға мәлім. Макияжыңызды ұзаққа сақтау үшін, далап жақпас бұрын, еріннің шетін қарындашпен сызып өтіңіз. Ерінді де сол қарындашпен бояп жіберіңіз. Осы негіздің арқасында далаптың түсі ұзақ сақталады.
Жаққыш қолданыңыз
Жаққышсыз қанық түсті далап жағу қиын болмақ. Жаққышпен далаптан бояу алып, еріннің ортасынан бастап, жеңіл қимылдармен жағыңыз. Артынан ерінді майлықпен бір сүртіп, арық жылтырынан айырыласыз. Кейін тағы бір қабат далап жағыңыз.
Ал ең бастысы өзіңізге, өзіңіздің сұлулығыңызға сенімді болыңыз.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: fm234.com
С. А