- Негізгі бет
- Езутартар
- Ғалым: "Иттер де...
Ғалым: "Иттер де ұрлық жасай алады"
Егесі көрмей тұрғанда иттер де алдап, азық ұрлап жейтіні анықталыпты. Бұдан иттердің адам назарын бақылай алатындығы белгілі болған.
Көптеген жылдар бойы ит асыраушылар өз «достарының» аса ақылды екенін, әр сөзін, тіпті көзқарасын түсініп қоя алатындығын айтып келген еді. Бірақ бұл ғылыми түрде дәлелін таппай келді. Егер егесі белгілі бір затқа шектеу қойса, ит оны жарық сөнген кезде барып ала алатыны анықталыпты.
Мұнымен, иттердің адам баласы түнде көре алмайтынын білгенін түсіндіре аламыз.
Портсмут университетінің ғалымдары бұл жаңалықтың зағип жандарға көмектесуде маңызы зорын айтады. Бұған дейін тірі жан иесі қатарында тек адам ғана бақылау қасиетіне ие болған деген тұжырым бар еді.
Зерттеуге 84 ерікті адам қатысқан. Олардың барлығы да ит асырайды. Тәжірибе жарық сәулесі әрқалай түскен бөлмелерде жүргізілген де, иттердің әрекеті бақылауға алынған. Иті аш болса да оларға егелерінің тарапынан тамаққа жақындамау туралы бұйрық беріледі. Ал иттер жарық сөндірілгенде егесінің көзінен тасада екенін біліп, тамақты жылдам жеуге кіріскен. Нәтижесінде иттердің адам назарынан тыс қалғанын біліп қоятыны анықталған.
Иттердің түнде қалай және қандай белгілері бойынша мұндай қулыққа бара алатындығы белгісіз болса да, олар жарық пен түнді айыра алады екен.
А. Құлтай