Күлсең, студентке күл

Күлсең, студентке күл

Студенттік шақты өмірдің ең қызықты, ең жайдарлы кезеңі деп жатамыз. Ал төмендегі оқиғалар бұл сөзіміздің дәлелі бола алатындай. Яғни, күлкі күнін күлкімен өткіземін дегендер үшін бір топ әзіл ұсынылады.

Студенттер асханасы:

– Апай, бір порция манты беріңізші.

– О, жаңалық қой! Шәкіртақы алдың ба?

– Жоқ! Және бес қасық беріңіз!

Money mouthMoney mouthMoney mouth

Қалада оқып жүрген ауыл қызы ауылына қайтып бара жатса керек.

– Ағай, ауылға барғанский?

– Да-да!

– Ағай, қашан жүргенства?

– Міне, қазір жүреміз.

– Ой, ағай, қазақша білем деп айтпайсыз ба, бағанадан бері сізге орысша сөйлеп тұрсам...

Foot in mouthFoot in mouthFoot in mouth

Жаңа автокөлік сатып алған бір мақтаншақ студент көшеде әрі-бірі ызғытып жүріп, жол жиегіндегі бағананы сүзіп қалып, ес-түсінен айырылып, ауруханаға апарылыпты. Онда екі апта емделіп, үйіне қайта оралады. Көңілін сұрап келген топтастары:

– Иә, қалайсың? Дәрігерлер не деді?

Ол:

– Дәрігерлер: "Миың жоқ екен, әйтпесе, қатты шайқалатын еді" деп айтты, - деген екен.

SealedSealedSealed

Бірде қалада оқитын студент ауылдағы үйіне былай деп хат жазып жібереді:

"Әке, маған дәптер-мәптер, бал-пал, киім-кешек алатын жүз мың теңге салып жіберіңізші".

Сонда әкесі жауап ретінде:

"Балам, дәптер ал, – мәптерді қайтесің, бал ал, – палды қайтесің, киім ал, – кешекті қайтесің, - деп елу мың теңге салып жіберген екен.

SmileSmileSmile

Екі студент әңгімелесіп отырып:

– Түсімде сенен қарыз ақша алыппын.

– Оны енді қашан қайтарасың?

– Тағы бір түс көргенде қайтарамын.

YellYellYell

Бірде бір студент қалалық топтас досын ауылдағы үйіне қонаққа алып барады. Бара сала апасы дастарқанға әкелген астан дәм тата бастайды. Қалалық жігіт досының апасы жасаған тағамды ұнатпағандығын білдіру үшін:

– Апаңа айтшы, мынау кешегіден қалған ас емес пе, дәмі біртүрлі ғой, - дейді. Мұны естіп қойған апасы:

– Айналайын, бұл алдыңғы күнгі тамақ, кешегі тамақты ертең жейсіңдер! - деген екен.

WinkWinkWink

Күндердің күнінде студент бір жаққа қатты асығып бара жатады. Сонда оны көріп қалған досы:

– Қайда асығып бара жатырсың? - деп сұрайды. Сонда әлгі студент:

– Бүгін бізде емтихан еді, - деп жауап қатады.

– Ааа, бәсе, қандай пәннен? - деп қайта сұрақ қояды.

Ол:

– Білмеймін, барған соң айтады ғой, - деген екен.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: caricatura.ru