Бұралқы сөз күлмекке жақсы

Бұралқы сөз күлмекке жақсы

Сен менің бөлмеме ұрлана кіріп, төсегіме шығып, тағы менімен жасырынбақ ойнайсың. Сен үшін ұйқым қашты, сен деп құтырып кетудің аз-ақ алдындамын. Мені сүйетініңді білемін, сүйгің келеді, тіпті тістегің келеді. Өлемқапқыр маса, бір ұрып қана өлтірейін. Қанды басыңды бері тарт!

***

Дәл қазір менің не ойлап тұрғанымды білесің бе? Сені жатын бөлмеме кіргізіп, одан кейін шырақты сөндіріп, терезе пердесін түсіріп, одан соң сені төсекке жатқызып, қолымды кеудеңе апарып, саған қарап: «Қарашы, менің мына қол сағатым қараңғыда жанады»,-деу.

***

Түн тас қараңғы. Мен ұйқымнан ояндым, себебі сені ойладым. Неге мен сені құшағыма басқым келгенде сен жоғалып кетесің? Мен сені қажет етемін, мен үшін маңыздысың, сен болмасаң, мен ұйықтай алмаймын. Сүйікті жастығым, сен тағы қай жерге түсіп кеттің?

***

Сансыз адам арасында сен деп мазам кетті, ал сен болсаң менің көңіл-күйімді, жан сезімімді сезбей тұрсың. Мен қиналдым, төзімім мүлде таусылды. Саған айтайын дегенім: "Бойжеткен, сен менің аяғымды басып тұрсың!".

***

Мейлі аспан қанша биік, теңіз қанша терең, жел қанша тез, құз қаншама тік, от қанша ыстық, мұз қанша суық болса да, бұлардың сенімен түк те қатысы жоқ.

***

Бақа аққуға сөз салыпты, аққу оған: «Егер менің түрім сендей болса өліп қалатын едім» десе, бақа: «Мені қойшы, доңыз қалай тірі жүр екен?!» деген екен. Мұны естіген доңыз: «Мен тек елдің жазғанын оқып отырмын, менің не кінәм бар?!» деп жан-жағына қарапты.

***

Сұлулары тамақ жасауды, ас әзірлеуді білмейді, тамақ жасай алатындары ақпейіл емес, ақпейілдерінде өзіндік көзқарас жоқ, көзқарасы барларында әйелдік бейне жоқ, әйелдік бейнесі барлар ақша шашқыш, ақша шашпайтындары заманауи емес, заманауиларынан алаңсыз бола алмайсың, алаңсыз болатындарға қарағың келмейді.

***

Егер сұлулық адамға қателік болса, онда мен ауыр қателік өткізіппін, егер сүйкімділік қылмыс болса, онда мен үлкен қылмысты екенмін. Өкініш-ай! Адам болу шынында қиын-ақ. Сенің өмірің жақсы, қам-қайғысызсың, қылмысың да, қателігің де жоқ.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: my-ledimir.ru 

M. Auelkhan