Александр Дюма: "Өз-өзімді атып мүлт кеттім"

Александр Дюма: "Өз-өзімді атып мүлт кеттім"

Францияның ұлы жазушысы Александр Дюма өз өмірінде өте көп еңбектенген жазушылардың қатарына жатады. Қаламгер шығармашылыққа күніне 12-14 сағат уақыт бөлген. Өз заманында француздың танымал жазушыларының санатына кірген Александр Дюма өмірде әзіл-қалжыңды ұнататын жан да болған. Драматург әрі журналист өзі жүрген ортаны әрқашан ойын-күлкі, думанға айналдырып жүрген.

Ендеше қаламгер басынан өткерген қызықты оқиғаларды назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Бірде Александр Дюма кітап дүкеніне бармақшы болады. Мұнымен алдын-ала хабардар болған дүкен сатушысы ұлы жазушыға сый жасағысы келеді. Бірақ қандай? Ары ойланып, бері ойланып ақыры бір шешімге тоқтайды. Дүкендегі барлық сөрелерді жазушының кітаптарына толтырып, көңілдегісін орындайды. Бірақ дүкенші бұл сыйының соңы үлкен ыңғайсыздыққа әкелетінін сезбеген еді.

- Кешіріңіз, басқа жазушылардың кітаптары қайда? - деп сұрайды Александр Дюма.

- Олар сатылып кеткен... Бұл сөзді сатушы қалай айтқанын сезбей де қалды.

***

Александр Дюма бәстесуден алдына жан салмайтын адам болған көрінеді. Сондай бәстерінің бірі дуэльмен аяқталады. Қатысушылар соттық жауапкершілік пен жазадан қашып, оңтайлы жолын табуға тырысады. Ақыры жеребе тастап, сәтсіз қағазды алған қатысушы өзін-өзі атуы шарт болады. Қаралы қағаз Александр Дюмаға  түсіп, көршілес бөлмеге шығып кетеді. Атылған мылтықтың дауысы шығып, артынша қатысушыларға жазушы жадырап күліп шығып келе жатады.

- Мен өз-өзімді аттым, бірақ мүлт кеттім, - деп жауап береді. Қалың жұрт риза болып, кеш көңілді думанға айналады.

***

Атақты француз жазушысы Александр Дюма бір дәрігердің үйінде түстеніп отырады. Аз уақыттан кейін дәрігер жазушыға отбасылық альбомды ұсынып, қолтаңба қалдыруын сұрайды. Бұл ұсыныстан Дюма бас тартпайды. Қолына альбомды алған бойда: «Дәрігер қала халқын емдегелі бері, қаладағы ауруханалар жабылғалы жатыр...» - деп жазады. Жазушы байқап отырған дәрігерді одан сайын не жазатындығына ынтықтыра түседі. Содан соң бір күліп: « және екі мазар ашылады» - деп сөйлемін аяқтайды.

***

Александр Дюманың «Үш нояны» газет бетіне жарияланады. Мерзімді басылым жазушы шығармасының әр қатарларына қаламақы төлеуді ұйғарыпты. Көбірек қаламақы алу үшін Александр Дюма Атостың біртекті:

- Иә!

- Жоқ! - деп жауап беретін құлын ойлап тауыпты. Александр Дюма «Жиырма жылдан кейін» еңбегін жазғанда қаламгер шығармасының әр сөзі үшін  қаламақы төлепті. Ол сәтте Атостың құлы көбірек сөйлейтін болыпты...

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

сурет: eggs.net.ua

О. Сансызбай