Суық судың ерекше рөлі

Суық судың ерекше рөлі

«Ескерсең ем көп» дейді қазақ. Мұздай суық судың да емдік рөлі бар екен.

  • Мұрыннан аққан қанды тыяды. Мұрыннан қан аққан кезде орамалды суық суға малып, маңдайға басса, мұрыннан аққан қан тоқтайды.
  • Көзді нұрландырады. Көз суықты жақтырып, ыстықтан сескенетін дене мүшесі. Ағып жатқан суық сумен бет жауса, миды сергітіп, көзді жандырады. Осы әрекет ұзақ уақыт қайталанса, көздің көру қуатын қорғап, көз ауруларына қарсылық қуаты артады екен.
  • Сіңір созылуға ем. Қол-аяқтың сіңірі тартылғанда, қанталаған немесе ісіп тұрған денені суық сумен жуса, жарылған қантамырды тез жамап, қанды ісіктің асқынуын тежейді әрі қанды тоқтатып, ауырғанды басады.
  • Тұмау тиюдің алдын алады. Ұзақ уақыт суық суға жуыну немесе бет-жүзді жуып тұру дене қуатын күшейтіп, суыққа қарсылық қуатын арттырады. Тұмаудың алдын алады.
  • Тіс қақсауды басудың емі. Тіс қақсаған кезде үздіксіз суық сумен ауызды шайса, тіс қақсағанын басады.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: enjoyoung.cn

M. Auelkhan