Француз диетасы

Француз диетасы

Француз қыздарындай сымбатты болғыңыз келе ме? Көктемге бірнеше күн қалғанда артық бірнеше килограммды тастағыңыз келе ме? Назарларыңызға француз диетасын ұсынамыз. Бұл диетаны 7 күн бойы ұстансаңыз 3-4 артық килограммнан арыласыз.

Тамақ қабылдау арасында аштық сезімін бәсеңдету үшін жасыл шай, жеміс шырынын немесе сорпа ішсеңіз болады.

1-күн

Таңғы ас: Пісірілген жұмыртқа, йогурт, шай немесе кофе (қантсыз).

Түскі ас: Қызанақ, қияр, салат жапырақтары, жусай мен ақжелкеннен әзірленген, өсімдік не зәйтүн майы қосылған салат. Сәбіз, қызылша және қара өрікті бұқтырып пісірілген ас. Алма шырыны.

Кешкі ас: 100 грамм пісірілген тауық еті, 50 грамм сыр, бір стақан майлығы төмен айран.

2-күн

Таңғы ас: Апельсин, кебек наны, шай.

Түскі ас: Пісірілген теңіз тағамдарынан (мысалға ас шаян) әзірленген салат. Оған майонез бен аскөк қоссаңыз болады. 100 грамм пісірілген бұзау не сиыр еті, йогурт.

Кешкі ас: 150 грамм пісірілген гүл орамжапырақ. Оған соя тұздығын қоссаңыз болады. Өз қабығында пісірілген картоп, кебек наны, шай.

3-күн

Таңғы ас: Тұздалған, сүрленген ет тілімі; 100 грамм майлығы аз ірімшік, шай немесе кофе.

Түскі ас: Пісірілген қозықұйрық саңырауқұлақтары; зәйтүн майы, лимон шырыны мен жусай қосылған салаттың 100 граммы. Пісірілген картоп пен бұқтырылған орамжапырақ, 2 киви.

Кешкі ас: 100 грамм бұқтырылған балық еті, 1 стақан айран.

4-күн

Таңғы ас: 100 грамм шырында бұқтырылған мюсли, 1 банан, кофе. 

Түскі ас: Пісірілген жұмыртқа, пияз қосылып қуырылған балық еті (мысалы алабұға).

Кешкі ас: Өсімдік майы мен көкөністерден әзірленген салат, ақжелкен қосылып бұқтырылған үрме бұршақ; пісірілген картоп, кебек нанының үзімі, шай.

5-күн

Таңғы ас: Йогурт, пісірілген жұмыртқа, шай.

Түскі ас: Зәйтүн майы қосылған 100 грамм пісірілген қызылша; соя тұздығы қосылған пісірілген күріш; қызанақ шырыны.

Кешкі ас: 100 грамм майлығы аз ірімшік, 50 грамм сыр, йогурт, 1 стақан жылы сүт.

6-күн

Таңғы ас: 25 грамм сүтке бұқтырылған жүгері қауыздары, йогурт, кофе.

Түскі ас: Пісірілген жұмыртқа, 150 грамм бұқтырылған сиырдың бауыр еті, йогурт.

Кешкі ас: Зәйтүн майы және ақжелкен қосылған орамжапырақтан әзірленген салат; кебек нанының бір үзімі, 2 киви, шай.

7-күн

Таңғы ас: пісірілген жұмыртқа, 100 грамм сыр, шай немесе кофе.

Түскі ас: Өсімдік майы мен лимон шырыны қосылған орамжапырақ пен сәбізден әзірленген салат; 100 грамм қуырылған қозықұйрық пен 100 грамм пісірілген күріш, апельсин шырыны.

Кешкі ас: лимон шырыны қосылған 50 грамм шаян таяқшалары, 150 грамм бұқтырылған сиырдың бауыр еті, 1 стақан жылы сүт.

Осылай бірнеше апта диета ұстап, тәжірибеден өткізіп көріңіз, қанша киллограмм тастадыңыз? Бізге нәтижесін жазып жіберсеңіз, қуанып қалар едік.

Сурет hozyaika.com сайтынан алынды.

С. А