Холестериннің пайдасы бар ма?

Холестериннің пайдасы бар ма?

"Майлы, қуырылған тағамның бәрі кілен холестерин, ол адамды тез қартайтып, жүрек-тамыр ауруларын қоздырады" деген ойға үйреніп кеттік. Бұл шын болса да, холестерин деген не өзі? Оның пайдасы бар ма?

Холестерин тек азық-түліктерде ғана емес, өзіміздің ағзамызда да болады. Сіз холестерин мүлдем жемеген күнде де, ол ағзаңызда синтезделеді. Әрине майлы, қуырылған тағамдар көп жеген сайын, соғырлұм холестерин шамасы көбейеді.

Алайда холестериннен пайда бар ма?

Холестеринсіз ағзамыз қиын жағдайда болар еді, себебі ол әр жасушамызда болады. Қандағы нормасы - 4-4,5 ммоль/литр.

Холестерин мида жүйке талшықтарының құрылысына қатысады.

Ол кальцийдің сүйектерге сіңуіне көмектесіп, оларды берік қылады.

Холестерин жүрек бұлшық ет жасушаларын қатайтып, энергия көзі болады.

D3 дәруменін беретін холестерин, теріні тегіс және жұмсақ қылады.

Бауырда холестерин жаңа жасушалар пайда болуына әсерін тигізеді. 

Жыныс гормондарының синтезінде негіз болады.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: all-healthy-blog.blogspot.com

 

 

С. А