Күніне сегіз сағаттап жұмыста отыратындарға кеңес

Күніне сегіз сағаттап жұмыста отыратындарға кеңес

Бір күнде 8-10 сағат көлемінде отырып жұмыс істейтін болсаңыз, бүгінгі материалымыз сіз үшін.

Отырып жұмыс істеу – шылым шегумен бірдей зиян

Соңғы бірнеше жыл бойы жасалған зерттеулер бір орында отырып жұмыс істеуді темекі шегудің зиянымен бірдей екенін дәлелдеп берді. Бұл компьютер алдында отырып жұмыс істейтін мамандықтардың заман талабына сай көбейгенімен байланыстырылады.

Ал негізінде отырып жұмыс істеудің еш зиян жоқ, бірақ егер сіз бір орында қозғалмай отырып жұмыс істейтін болсаңыз оның зиян тау асады. Мәселен, көп уақыт бойы бір орында тұра берсеңіз де денсаулығыңызға кесір тигізеді екенсіз.  

Ғалымдардың айтып, дабыл қағып жатқаны да осы. Себебі адам 8-10 сағат бойы тек саусақтарын қозғалтатын болса, денсаулығы сыр бере бастайды. Бір орында көп уақыт қозғалмай отырсақ жүрек қан тамырлары аурулары өршіп, адам бойындағы қан айналымы бұзылады, сәйкесінше майды жоғалтатын ферменттер бөлінбейді де денсаулық жапа шегеді.

Ал кейбір мамандар тұрып тұратын арнайы орындық жасап, мәселені осы жолмен шешуді ұсынады. Медициналық сараптама бойынша, сіздің тұрып тұрғаныңыз да, отырғаныңыз да бірдей-ақ әсер береді. Ал бастысы – сіздің қозғалу-қозғалмауыңызға келіп тіреледі. Кейбіреулер 8-10 сағаттап бір орында отыратындықтан, бұл олқылықты спортзалдарға барумен шешеміз дейді. Көңіліңізге келмесін, бірақ бұл жол да сізге аса пайдалы бола қоймайды.

Спортзалға бару – қозғалу емес

National Geographic  зерттеушісі Дэн Бюттнер өз командасымен бірге адамдардың ең көп уақыт өткізетін жерін зерттеген. Бірақ мұнда да бір парадокс бар. Бір орында сағаттап отырып алатын адамдар спортзалға мүлдем бармайды екен. Олар көбіне жұмыс орнында көп отыра бермей, арлы-берлі жүріп, белсенді өмір салтын ұстанады. Мәселен, Жапонияның Окинава қаласында отырып жұмыс істейтін адамдардың тоқ ішегі мен сүт безі обырына шалдығу қаупі ⅕ құрайды. Бірақ олар қарапайым америкалық азаматтарға қарағанда орташа алғанда 7 жылға ұзақ өмір сүреді екен. Жапон мәдениетінде адамдар көбіне жерде отырып жұмыс жасайды және күніне 30-40 рет көтеріліп отырады.

Тағы да бір мысал келтірейік. Италияның ежелгі Сардиния қаласында адамдар ұзақ өмір сүреді, бірақ бір орында отырып жұмыс істейді. Оның себебін көп өмір сүретіндер үйлердің таулы жоталарда салынғанымен байланыстырады. Ал таулы жоталарға олар жаяу шығып-түседі.

Бюттнердің айтуы бойынша, жүру – ұзақ әрі сау өмір сүрудің кепілі.

Бюттнердің мұндай шешімге келуі де тегін емес. Ол АҚШ-та зерттеу жүргізеді. Ғалымдар 13 жыл бойы 500 науқастың өмірін бақылайды. Сонда жаяу жүретін адамдар есте сақтау қабілетін 50 пайызға дейін жақсарта алыпты. Нәтижесінде аптасына 9 миль жүру (шамамен күніне 2 шақырым) денсаулық сақтау үшін ең дұрыс ара-қашықтық екені анықталған.

Ал егер спортзалға баратын болсаңыз бұл да пайдалы жаттығу екеніне күмәніміз жоқ. Ондағы жаттығулар сіздің күшті әрі сымбатты болуыңызға септігін тигізеді. Ал егер арнайы жаттығуға белгілі бір себептермен бара алмайтын болсаңыз, денеңізге қажетті жаттығу беретін мүмкіндіктер бар.    

Отырудан қалай құтыламын?

Жаяу жүру – күні бойы белсенді болуыңызға мүмкіндік беретін бірден бір жаттығу. Бірақ жүруге де уақыт таппай қиналатындар бар. Себебі жұмысы қызып жатқан қызметкерлер далаға шыға алмайды. Осы себепті кішігірім жаттығулар туралы түсінік бере кетейік.

1. Аяғыңызды көтеріңіз

Аяғыңызды еденге тигізіп отырсаңыз, әрине, денедегі қан циркуляциясы бұзылады. Сол үшін де жұмыс орныңызда аяқтарыңызды көтеріп отыруға мүмкіндік жасаңыз. Мәселен, екінші орындықты алып, аяғыңызды оның үстіне қойыңыз.

Осыған байланысты бір зерттеуде былай делінеді. Орындықтың арқасы 135 градусқа шалқайған болса, сіздің беліңізге түсетін қысымды жеңілдетеді екен.

2. Арнайы отырып-тұру жаттығуын жасаңыз

Отырып-тұру жаттығуы ағзаңыздағы артық майларды кетіретін фермент бөледі әрі қан айналымыңыздың жұмысын жақсартады.

Бұл жаттығуды жасау үшін спорттық киім киюдің де қажеті жоқ. Кофе дайындағаныңызда, микротолқынды пешке ас салып күткенде, принтерден қағаздың шығуын күтіп тұрғанда отырып-тұру жаттығуын жасауға мүмкіндік болады.

Осыған байланысты бір қызық оқиға Сочиде болды. Ұйымдастырушылар метро алдына барып, 30 рет отырып-тұру жаттығуын жасаған адамға бір реттік метромен жүру билетін сыйға тартып тұрған.

3. Керіліңіз

Сіздің бөксе, жамбас тұсыңыздағы бұлшық еттер отырып жұмыс істеген кезде орындықтың арқасына тиетін болғандықтан, жылдар бойы жұмыс істеген соң беліңіз ауыратын болады. Сондықтан да созылып-керілуге уақыт табыңыз.  

Келли Старретт есімді бапкер 2005 жылдан бастап жұмыс істейді. Оның айтуы бойынша, атлеттердің өзі отырып-тұру жаттығуына келгенде бірқатар қиындықтарға кездеседі екен. Сондықтан да ол созылып-керілу жаттығуын ұсынады. Бұл жаттығу жарақат алудан сақтап, спорттық машықты жақсартады.

Осы жаттығуларды күніне бір рет орындауға тырысыңыз. Жатығулардың әрқайсысы 3 минуттан артық уақытты талап етпейді. Ал бір күнде 3 минут уақыт таба алатын шығарсыз?

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: ollyy/Shutterstock.com

А. Құлтай