- Негізгі бет
- Денсаулық
- Күзде диетаға отыру...
Күзде диетаға отыру дұрыс па?
Ресейлік диетологтардың сөзіне сенсек, күзде қабылдар тағам мөлшері жоғары калориялы болуы тиіс! Мезгілдің осы кезінде дәрігерлер қатал диета түрлеріне отыруды құптамайды, өйткені, салдарынан иммунитет төмендеп, нәтижесі депрессияның өрістеуіне жол ашпақ.
Себебі, ағзаға ауа райының құбылмалы сәтіне үйренісу қиын екен. Ауа райы алмасқан сәтте, ағза стресті бастан өткереді, сондықтан тамақтан шектеу хал-жайға негативті әсер етіп, кейбір жағдайда аурудың ауыр түріне алып келуі де мүмкін. Алайда, бұл дегеніміз ас ішудің күшейтілген тәртібін енгзіп, ұйықтар алдында да тамақтану деген сөз емес.
Күн сайынғы ас мәзірін сәл ғана түзетіп отырған жөн. Егер жазда адам ағзасы жеңіл тағам түрлерін қабылдай отырып (көкөніс пен жеміс-жидек) өзін жақсы "сезінсе", онда суық түсер уақытта, тағам тек ыстық болып қана қоймай, сонымен бірге майлы да болғаны дұрыс. Май мен ақуыз көзі болып табылатын балық пен етті де қалыс қалдырмаған жөн.
Калориялық тамақтанудан өзге де, әр күнгі киім гардеробыңызға қарап отыруды кеңес етеді. Жауын-шашынды ауа райында ең бастысы – аяқты жылы әрі құрғақ ұстау. Диетологтардың айтуынша, астың сорпа түрлері бұлыңғыр ауа райында жылынуға көп септігін тигізетін болып отыр.
* * *
Күзде диетаға отыруға қалай қарайсыз? Дұрыс тамақтанып жүрсіз бе?
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
сурет: telegraf.com.ua
Л. Лига