Иммунитетті жақсартатын азық-түліктер

Иммунитетті жақсартатын азық-түліктер

Күздің басында көпшілігіміз суық тигізіп, жылы күндері ауырып қаламыз. Бұның бәрі жазғы жұқа киім, суық сусындар мен салқын кештердің әсері болуы мүмкін. Алайда иммунитеті жақсы адамның ағзасы бұған да шыдай алады. Сондықтан иммунитетті күшейте бастайық.

Қазірден бастасаңыз, суықтар түскенге дейін иммунитетіңізді біраз жаттықтырып, суық тигізіп алудан сақтана аласыз. Мына күзгі азық-түліктер сізге көмекші болады.

Шырғанақ

Шырғанақтағы (облепиха) дәрумендер жиынтығы жалпы иммунитеттің жағдайын жақсартуға мінсіз келеді. Оны шикі түрінде де, тосап ретінде қайнатып та, емдік тұнбалар да жасап ішуге болады

Қант

Қантты көптеп жемей, керісінше рационыңыздағы қанттың мөлшерін азайтуға тырысыңыз. Қанттың иммунитетті әлсірететін қасиеті бар. Егер тәтті бір нәрсе жегіңіз келіп тұрса, кептірілген жемістер мен жидектер, лимон, жаңғақтарды майдалап, бал қосыңыз. Өте пайдалы әрі өте тәтті тағамды шайға да қосып, былай да қабылдауға болады.

Шөп түрлері

Әсіресе бұл кезеңде итмұрын (шиповник) шөбі пайдалы болады. Оған қайнап тұрған су не жасыл шайын қосып, балмен ішіңіз. Осындай емдік шөптерінің шайлары күз кезінде сіздің күнделікті рационыңызда болсын.

Теңіз өнімдері

Аптасына кем дегенде екі рет ағзаға қажетті шамада ақуыз, йод және пайдалы майлы қышқылдар беретін теңіз өнімдерін қабылдаған дұрыс. Балық түрлерінен жасалынған сорпа әсіресе пайдалы болады.

Жемістер

Күзде пісетін жемістер әлбетте иммунитетке қажет болады. Киви, банан, апельсин, алмалардан жасалған салат, түрлі жеміс бәліштер мен балғын жемістердің өзі өте пайдалы болады.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: filizjjkk.blogcu.com

С. А