Алматылық студент өнертабысын таныстырды

Алматылық студент өнертабысын таныстырды

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенті автокөлікті тұраққа қою (парковка) процесін жеңілдетудің жолын тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Менің өзімде де паркинг тұрғысынан көп проблемалар болды. Содан кейін бұл процесті жеңілдету туралы ойлана бастадым", - деп сұхбат берді Дінмұхамед Құрбанқожаев. Студенттің айтуы бойынша, құрылғы GPS-навигатордың көмегінсіз-ақ 4 метр радиустағы көліктің айналасына зер салуға мүмкіндік береді. "Көліктің төрт жағына инфрақызыл сәуле шашатын сенсор орналастыру керек. Бар мәліметтер микропроцессорға жіберіледі. Біздің жағдайда бар-жоғы 50 доллар тұратын Apple A5 таңдалды. Осылайша монитордан реал уақыттағы көліктің үстіңгі жағынан проекцияланған көріністі көруге болады", - деп әңгімелеп берді Құрбанқожаев.

Жас конструктордың есептеуінше, құрылғыны орнату орташа есеппен 500 долларға шығады. "Уақыт өте келе сенсорларды көтерме бағамен 250-300 долларға сатып алуға болады", - деді ол.

Дінмұхамед өз өнертабысын Easy Parking деп атапты. Астанада өткен Digital Communications Kazakhstan-2012 конференциясының аясында таныстырылған жобаға бірнеше инвестициялық ұсыныс келіп түскен екен. "Олар бізге қаржылай тұрғыда көмектесуге уәде берді. Біз қазір келісу үстіндеміз", - деді студент.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: leedsbradfordairport.co.uk