- Негізгі бет
- Ең, ең,ең...
- Көлік нөмірі 14...
Көлік нөмірі 14 миллион долларға бағаланды
Біріккен Араб Әмірлігінде "1" саны бар көлік нөмірі 14 000 000 АҚШ долларға сатылды. Бұл шараны жүзеге асыру үшін арнайы аукцион ұйымдастырылып, бүкіл мемлекеттен бай, әл-ауқаты мол адамдар шақырылған. Бүкіл әлемдегі жалғыз нөмірдің иесі болып Абу-Даби тұрғыны 25 жасар Саид Абдул Гаффар Хоери танылды. "Ең қымбат көлік нөмірі" атты лоттың иесі нөмірді меншігіне алу үшін 30 миллион доллар көлемінде ақша төлеуге дайын болғанын да айта кетті. Бір қызығы бұл "темір-терсектің" бастапқы бағасы 27 мың- қ доллар көлемінде еді. Бұл нөмірді қандай көлікке тағатынын Саид Абдул Гаффар Хоери әлі шешпеді. Ең бастысы - аукцион барысында пайда болған ақшаның барлығы қайырымдылыққа жұмсалады. Біріккен Араб Әмірлігіндегі әдемі көлік нөмірлеріне деген қызығушылықтың себебі, нөмірді сатып алған кісі оны өмір бойы меншігіне алады. Нөмір иесі оны мұраға қалдыруға немесе сату құқығына ие болады. 2007 жылдан бері ұйымдастырылған 12 аукцион арқасында Біріккен Араб Әмірлігінің жол полициясы 136 миллион доллардан астам пайда көрді.
Естеріңізге сала кетсек, жақында біздің елде де әдемі нөмірлерді меншікке сатып алу мүмкіндігі пайда болды. Бұл туралы біз мына мақалада айтып өттік. Енді кез келген Қазақстан Республикасының азаматы "777", "007" сынды көлік нөмірлерін меншігіне сатып алып, оны көлігіне таға алады.