Сауд жастарының адам түсінбес хоббиі

Сауд жастарының адам түсінбес хоббиі
Күн сайын адамдар өздеріне қызықты нәрселермен шұғылданып жатады: спортпен айналысып, кітап оқыса, енді біреулер ас әзірлеп, киім тігіп, қол өнерімен айналысуды жанындай жақсы көреді. Ал арабтардың ең сүйікті хоббиі өздерінің автокөліктерін таспен құрсаулап тастау екен. 

Сауд Арабия жастары аль-Хабла (Абха қаласынан 50 километр қашықтықта) туристік ауданында тастар мен кірпіштерді қолдана отырып, өздерінің автокөліктерінен монумент жасауды ұнатса керек. 
Бір қызығы монумент жасау кезінде ешқандай ерітінді қолданылмайды, барлығы ауырлық күшімен ұсталады. Жергілікті автокөлік иелері осындай ерекше іспен айналысуды ұнататындықтары соншалық, тіпті күні бойы тас жинап, оларды қашаудан аянбайды.

Сөйтсе де бәріміздің ойымызда неге сауд жастары көліктерді таспен құрсаулап тастайды деген сұрақ туындайды. Осы сұрақтың жауабы әр түрлі болуы мүмкін: тасты тұрақтар көлікті айдап әкетуден, шаяндардың көлік ішіне кіруінен немесе дөңгелек резиналарының құмда ысып кетпеуінен қорғайтын шығар. 

Алайда шын мәнісінде арабтар тек өнерге деген сүйіспеншіліктері үшін ғана жасайтын көрінеді. Әрине, мұндай хоббидің мүлдем ақылға қонбайтыны сөзсіз. Бірақ бұл да өзіндік бір хобби...

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: lite.bnews.kz

Ж. FM