Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Жаңа жыл 2012 / 2012 жылға арналған жұлдыз-жорамал:Таразы (23 қыркүйек—23қазан)

2012 жылға арналған жұлдыз-жорамал:Таразы (23 қыркүйек—23қазан)

2012 жылға арналған жұлдыз-жорамал:Таразы (23 қыркүйек—23қазан)

Бұл жылдың екінші жартысында жететін жетістіктеріңіз мол болғалы тұр. Бұл жетістіктерге алғашқы қадамды жылдың бірінші жартыжылдығында жасайсыз. Мақсаттарыңызды жүйелеп алғаныңыз абзал.

Қыс 

Қысқы тіршілікке отбасы, үй, балалар деп кірісіп кетсеңіз де, жеке өміріңізде сіз күтпеген тосын оқиға орын алмақ. Ғашық болу жүзіңізді жайнатып, өміріңізді «қысқы ертегіге» айналдырмақ.

Көктем

Күнделікті күйбең тіршілікке бой алдыра бермей, бір сәт сүйген адамыңызбен уақыт өткізуге кеңес береміз. Өзіңіздің жан дүниеңізді сүйіктіңізге таныта түсіңіз және өзіңіздің мәселелеріңізбен бөлісіңіз. Қызғанышқа бой алдыра көрмеңіз. Сүйгеніңізді махаббатыңызбен қадағаласаңыз, жетіп жатыр.

Жаз

Көп мәселелердің басын анықтап, күтпеген тосын жаңалықтар мен ұсыныстар түседі. Ешқандай асықпастан, тезірек шешім қабылдағаныңыз жақсы. Алғашқы қадамдарыңыз сәтті болмақ.

Күз

Қалтаңыздың қамын жасаңыз. Өзіңізге не керек, айқын анықтап алғаныңыз дұрыс. Және сол таңдауға қарай ақша жұмсап, қаражатыңызды үнемдеңіз. Бұл сіздің табысыңыздың көзге көруіне сеп болмақ.

 

Әйелдерге

Таразы әйелдер келер осы жылы өздерінің жанына үңіле түспек және өз ойымен санасатын тең құқылы қатынасты іздейді. Өмірінде орын алатын салмақты өзгерістерге дайын.

Шілде айының басына дейін Сіз ішкі «менді» өзгертуге күш саласыз. Сол аралықта сырт көзге көп түспеуді қалап, үйде болуға тырысасыз. Жылдың екінші жартысында сіздің өміріңізде көптеген өзгерістер болады. Бұл қаңтар айы мен қазан айына дейін орын алады. Ал сәуір мен тамыз айының басы сіз үшін ең өнімді уақыт болмақ. Бұл уақыт және де шетелдерде қыдыруға, көңіл көтеруге және өзіңізге аса назар аударуға қолайлы кез. 16 мамыр мен 28 мамыр аралығында өзіңіздің ішкі жан-дүниеңізге көңіл бөліңіз, рухани байлығыңызды арттырыңыз: мешітке барыңыз, діни кітаптар оқыңыз, уағыздар тыңдаңыз. Маусым айының ортасы мен желтоқсанның соңына дейін өз біліміңізді толықтыруға және жетілдіруге мүмкіншілігіңіз ұлғаяды. Сізге осы аралықта мамандығыңыз бойынша біліктілігіңізді арттыруға, біліміңіз бен өнеріңізді шыңдайға және өз хоббиіңіз бойынша білім алуға кеңес береміз. Түрлі саладағы курстарға барыңыз.

23 қыркүйек пен 2 қазан аралығында туылғандар

Наурыз айы мен тамыз айының аралығында өзіңіздің етжақындарыңыз бен туыстарыңыздың арасындағы қатынасты ретке келтіріп алғаныңыз абзал. Ренігтің бәрін де ақылға жеңдіріңіз. Және жанұяңызда үлгілі де жауапты болуға тырысыңыз. Ойыңыздағы барлық ауыртпалықтың бәрін де ішіңізде сақтай бермей, сыртқа шығарып, ұмытып кетуге тырысыңыз. Өзіңізге қажетсіз ақпараттарға құлақ аспаңыз. Ең бастысы айналаңызға сеніммен қарап, басқа адамдарға да сенім арта біліңіз.

3 қазан мен 12 қазан аралығында туылғандар

Наурыз айы мен маусым айының аралығында бұл жандарға қарыз бен несие мәселесін толықтай шешіп алуға кеңес береміз. Шілде айының екінші жартысы мен тамыз айының бірінші жартысы - сіз белсенді болатын уақыт. Және де бұл уақыт өз имиджіңізді ретке келтіріп алуға қолайлы кезең. Тамыз және қараша айларының аралығында сіздің айыңыз оңынан тумақ. Қалауыңызда жүрген кез келген затқа қол жеткізіп, көкейіңіздегі сұрақтар шешімін табады. Сондықтан осы кезеңде көңіліңіз қалаған іспен айналысыңыз.

13 қазан мен 23 қазан аралығында туылғандар

Қыста өз-өзіңізді қалыпты ұстауға, оқыс оқиғалар мен шұғыл қозғалыстарға абай болуға тырысыңыз. Қаңтар айынан қыркүйек айы аралығында өзіңізді биіктен көрсетуге, тұлға ретінде танылуға мүмкіндігіңіз мол. Және осы кезең сіздің жаңа әрі маңызды өмір қалыптастыруға өте қолайлы. Сондықтан айналаңызға шуақ шашып, нұрланып жүріңіз.

Ерлерге

Ер таразылар ірі кәсіптің (қаржылық жобаларда) жеңіс шыңына жету үшін бар күшін аямайды.

Олар үшін бұл жылда ең басты мәселе отбасындағы қарама-қайшы ойлар мен қарама-қайшы пікірлерден туындаған қолайсыздықтар болмақ. Әйелімен болған ұрыстың ең басты себебі қырсықтық болады. Жылдың бірінші жартысында эмоциялар мен өкпе-ренішті дер кезінде дұрыстауға үйренуге тура келеді. Жаз мезгілінде біліктілік саласында өз келешегіңізді дамытуға көп мүмкіндіктер туындағанмен, өзінің кемшіліктері де қатар болады. Жаз соңы өз пікіріңізді тура жеткізе біліп, біліміңізді тиімді қолданып, талантыңызды шыңдау кезеңі болмақ. Қыркүйек пен қазан айлары жұмысыңызға аздап қиындықтар әкелсе де, қараша айында бәрі де орнына келмек.

 23 қыркүйек пен 2 қазан аралығында туылғандар

Оның өмірінде бұл жылы оқыс өзгеріс болмақ. Көктем мен жаз – тек қана іссапарлар мен саяхаттар кезеңі. Маусым мен шілде көптеген мүмкіндіктер сыйлайды. Қыркүйектің соңғы күндері өзінің есептеу мен жоспар құру дарынын қолдануына тура келеді.

3 қазан мен 12 қазан аралығында туылғандар

Шілде мен тамыз айлары ­­­- серіктестік саласында мол ұрыстар туындайтын мезгіл. Сондықтан уақытша демалыс алуға не, өзіңіздің эмоцияңызды қадағалауға тура келеді. Алайда, бұл мезгіл шетелдік жобаларыңызға өте қолайлы болады.

13 қазан мен 23 қазан аралығында туылғандар

Қаңтар-наурыз және қыркүйек айлары еңбек саласында өте қолайлы, құжаттар мен қағаздарды реттеп алуға сәтті және қызметте сәттіліктер күтіп тұр. Осы кезең және де денсаулық саласына көңіл бөлуге, демалатын орындарда тынығып келуге арналса, тіптен жақсы болады.

 Жалпы болжам: қанаттарыңызды кеңге жайыңыз

Уақыт өте келе басыңыздан өткен қолайсыздықтар мен сәтсіздіктердің бәрі сәттілікке сілтеген жол екенін түсінесіз. Тек қана шыдам мен төзіміңізді іске қоссаңыз, бәріне де қол жетеді. Асығыс шешім қабылдамаңыз. Бұйырған уақытында ғана армандар мен мақсаттар орындалады.

Махаббат

Іздеген ғана табады

Жыл бойы сіз біреуді құлай сүйесіз. Көңіл жарастырып жүрген адам болмаса да, жүрегіңізді жаулаған адам болады. Алайда, сезімге қатты беріліп, асығыс қадамдарды жасаудан сақ болыңыз. Намысты биік ұстау керек. Сүйіктілеріне сүрінбей жолыққан таразылар үшін жыл өте сәтті. Таңдауыңызды ата-анаңыз да қолдап, жаз бен күз айларында отбасын құруға шешім қабылдауыңыз мүмкін. Шілде мен тамыз айларында сіз өте көркем болып көрінесіз. Қарсы жыныстағылар тарапынан көңіл білдірушілердің қатары көбейеді. Өзіңізді салмақты ұстаңыз. Жалғызбасты таразылардың алдында таңдау көп болады. Ішкі түйсігіңіз бен жүрек қалауына ерік беріңіз. Құрбылар мен ортақ таныстардың кеңесіне сене бермеген дұрыс. Жалғызбасты таразылар желтоқсан айының 26 жұлдызында өмірлік серігін кездестіруі мүмкін. Мүмкіндікті қалт жібермей, осы күні мерекелік іс-шаралар мен жиындарға барып көріңіз.

Отбасы

Балалар басты назарда

Қаңтар айында туыстар арасындағы қатынасты нығайтуға үлес қоса аласыз. Ол үшін туған-туыстың басын қосатын көңілді кешті ұйымдастырыңыз. Материалдық жағдайда таршылық жылдың көктем мезгіліне сәйкес келеді. Бұл жолдасыңызбен ара-қатынасыңызды суытуы мүмкін. Мәселені ұрыспен шешу мүмкін емес. Сондықтан, өзіңізді де, күйеуіңізді де сабырға шақырыңыз. Жолдасыңыздың жеке істеріне араласпағаныңыз дұрыс. Басты назарға балаларыңызды алып, олардың тәрбиесі мен сабағын қадағалаңыз. Өмірдің бұралаң соқпақтарына дайын тұруға үйретіңіз. Спорт секцияларына жаздырыңыз. Нәтиже өкіндірмейді. Жылдың соңына қарай жолдасыңызбен қарым-қатынаста жылулық орнайды.

Достық

Байланыстан тыс қалмаңыз

Көпшіл болыңыз. Қарым-қатынас шеңберіңізді кеңейтіп отырсаңыз, өмірге деген көзқарасыңыз өзгереді. Қаңтар айы мен наурыз аралығында достарыңыз нағыз қорғаныңызға айналады. Олардың көмегі мен демеулері арқасында жағымсыз жағдайлардан құтыласыз.Мамыр айынан бастап жаз мезгілінің соңына дейін құрбыларыңызбен бірігіп саяхатқа аттаныңыз. Алған жағымды әсерлеріңіз көпке дейін сақталады. Шілде айында жақын құрбыңызбен келіспеушілік туындауы мүмкін. Бірінші болып кешірім сұрауға қысылмаңыз. Қазан айы күтпеген танысулардың дайындап тұр.

Денсаулық

Жылдам қозғалыста абай болыңыз

Басқа жылмен салыстырғанда, 2012 жылы денсаулығыңызға  күтім аса қажет. Жаз айларында жүгіру, секіру кезінде жарақат алудан сақ болыңыз. Көктем басталысымен, иммунитетті көтеру үшін дәрумендер қабылдаңыз, тағамдардың сапасы мен пайдасына мән беріңіз. Тұзды және майлы тағамдарды қабылдауды азайтқаныңыз дұрыс. Күтімнің арқасында ғана қан қысымыңыз бір қалыпқа түсіп, бауырдың жұмысы да жақсарады. Дәнді-дақылдар мен жаңғақтарды көбірек пайдаланыңыз.  

Қызмет пен қаржы

Жауапкершілік пен жинақылық керек

Өз міндеттеріңізді үлкен жауапкершілікпен тыңғылықты атқаратын боласыз. Қызметте  жинақтаған озық тәжірибелеріңіздің арқасында мақтау сөздерді еститін боласыз. Қаржы мәселесі бірқалыпты. Қымбат дүниелерді сатып алуға жаз мезгілі қолайлы. Отбасылық бизнеспен айналысып жүргендер қазан айында мол табысқа кенеледі. Ал жұп болып табыс тауып жүрген таразылар сәтсіздіктер мен шиеленістерге тап болуы мүмкін. Білікті мамандардан кеңес сұраудан қысылмаңыз. Жылдың соңына қарай жалақыңыз артады.  

1362 2
Рейтинг: +0

Дайындаған: АЙНАРА Байжан
Қосылған күні: 01 желтоқсан 2011, 09:00
Пікірлер
+0
30 желтоқсан 2011, 00:16

Ох оу! Таразылар үшін жағымды жазбалар көп жазылыпты. ИншАлла, амин айтқандарыңыз келсін. Кәдімгідей қуанып қалдым! )))

+0
30 желтоқсан 2011, 11:47

Солай болсын!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...