Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Жаңа жыл 2013 / Жаңа жыл: Үнемдеудің жолдары

Жаңа жыл: Үнемдеудің жолдары

Жаңа жыл: Үнемдеудің жолдары

Жаңа жыл қарсаңында мереке тойлаушы қауымның шығыны ұлғаяды. Сыйлықтар, азық-түлік, мерекеге арнайы тігілетін киімдер, безендіру жұмыстары қалтадан қағады. Осыған орай, мерекелік күндері ақшаны үнемдеудің бірнеше жолын ұсынамыз. 

Алдымен ас мәзірін құрып алыңыз. Оны мерекеге бірнеше күн қалғанда ойластырып, қажетті азық-түлік тізімін жазыңыз. Үстел тартымды әрі дәмді, отбасының әр мүшесіне жететіндей, тіпті ертеңгі күнге де қалатындай болуы үшін бірнеше қулықтарға баруға тура келеді. Ас мәзірлерінде көрсетілгендей етіп, әрбір тағамға қосылатын ингредиенттердің мөлшерін, грамына дейін өлшеп алған дұрыс. Базар немесе дүкендегі азықтардың бағасы шамамен қанша екенін еске алып, ортақ сомасын шығарып алыңыз. Егер қаржы мөлшері сіз ойлағаннан асып кетсе, бағасы қалта көтермейтін азықтарды, басқа азық-түліктермен ауыстырудың жолдарын қарастырыңыз. Сол сияқты, жемістер мен көкөністерге, шырындар мен сусындарға да үнемдеуге болады. Мысалы, шырындардың түрлері өте көп. Жартысын қымбатынан, жартысын арзанынан алыңыз. Жемістерді де бір дастарханға жетерліктей ғана алыңыз.

Жаңа жыл мерекесіне қарсы базар бағаларының өсетіні анық. Соған орай, мереке жақындамас бұрын, ұзақ мерзім сақтауға шыдайтын азық-түліктерді сатып алып қойған жөн. Олардың қатарына тауық еті, мал еті, жұмыртқа, консервілер, өсімдік майы, қант, тұз, майонез, кәмпиттер мен тәттілер, сусындар кіреді. Бұл азық-түліктер тоңазытқышта ұзақ уақыт сақталады, әрі бұзылмайды. Сондықтан, алдын ала алынып қойса, қалта мен уақыт жағынан үнемдеу болады.

Маркетингтік жарнамаларға сене бермеңіз. "Жылтырағанның бәрі алтын емес" демекші, жарнамада көрсетілген азықтардың бәрі бірдей сізге қажет емес. Қағазда жазылған тізімге қарай отырып, нақты қажет азықтарды ғана сатып алуға тырысыңыз. Базарға шықпастан бұрын, тоңазытқышта не бар екенін анықтап алыңыз. Бұл артық зат сатып алмаудың алдын алады.

Дүкендер мен базарларда мереке қарсаңында арнайы акциялардың жүретінін есте сақтаңыз. Төмен бағалармен сату немесе арнайы ұсыныстардың көмегімен де, біраз ақшаны үнемдеп қалуыңызға әбден болады.

Саудаласыңыз. Мұның еш ұяты жоқ. Жаңа жыл қарсаңында, мерекелік көңіл-күймен сатушыға құттықтау сөздерін жаудырып, жылы тілектеріңізді білдіріп, бағаларды төмендетіп беруін сұраңыз. Бұл отбасы бюджетін үнемдейді.

Жаңа жыл құтты болсын!

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: positivcheg.ru

375 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 25 желтоқсан 2012, 12:46
Пікірлер
+0
25 желтоқсан 2012, 12:16

Иә, қосылам, тізім жазып алу керек. Жанына бағасын жазасың шамамен. Сосын тізіміңді қолыңа ұста да, рахат, саудаңды жасай бер...

+0
25 желтоқсан 2012, 12:17

Қанша үнешіл боламын десен де, достарыңмен бірге тырғанда шашылып қаласын.

+0
25 желтоқсан 2012, 12:42

Жаңа жылда сұмдық шығымданам, биыл әлі бірақ сыйлық ештеме алмадым

+0
25 желтоқсан 2012, 13:32

жаңа жылдық заттарды алдын ала ойлап бару мүмкін емес, олардың бағасы әрқалай болады, барып білмейінше ештеме де мәлім емес.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...