Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Лондон-2012 / Қазақстандық паралимпиадашылардың қатысуымен өтетін жарыс күндері

Қазақстандық паралимпиадашылардың қатысуымен өтетін жарыс күндері

Қазақстандық паралимпиадашылардың қатысуымен өтетін жарыс күндері

"Қазақстан" ұлттық телеарнасының сайтында Лондонда өнер көрсететін қазақстандық паралимпиадашылардың графигі жарияланды. Естеріңізге сала кетсек, біздің спортшылар Ұлыбритания астанасына 22 тамыз күні жол жүреді. Лондонда өтетін паралимпиада ойындарында Қазақстанның намысын жеті спортшы үш спорт түрінен қорғайды. Олар: пауэрлифтинг, жеңіл атлетика, жүзу.

31 тамыз (12.00-13.10). Пауэрлифтингтен 44 келі салмақта ақтық сын өтеді. Осы спорт түрінен біздің Асқарова Кабира да жүлде иеленуге барын салады (Қызылорда облысы).

1 қыркүйек (10.00-13.35). Ұзындыққа секіру жарыстарының финалы. Аталған спорт түрінен Қызылорда өлкесінің тумасы Салимов Ислам өнер көрсетеді. Дәл осы күні сағат 18.00-19.30 пауэрлифтингтен 60 келі салмақ дәрежесінде қазақстандық Абжан Айбектің (Қызылорда облысы) қатысуымен финалдық ойын өтеді. 

2 қыркүйек (17.30-20.55). Қазақстандық жүзгіш Әнуар Ахметов (Жамбыл облысы) 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде жүлделі орындарға таласады. 

5 қыркүйек (10.00-13.40) Ұзындыққа секіруден финалдық кезең өтеді. Қазақстан атынан Сергей Харламов (Солтүстік Қазақстан облысы) шығады. Сонымен қатар, осы күні 17.30-21.10 аралығында Әнуар Ахметов 100 метр қашықтыққа шалқайлай жүзуде ақтық сында күш сынасады. 

6 қыркүйек (09.30-11.50). Ғабидуллина Зүлфия (Жамбыл облысы) 50 метрге шалқалай жүзуден іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді. 

7 қыркүйек (09.30-12.05) 50 метрге еркін жүзу бағдарламасы (іріктеу сыны). Ал 09.30-12.05 аралығында ақтық сын. Әнуар Ахметов.

8 қыркүйек күні (09.30-12.15) Әнуар Ахметов 100 метрге брасс әдісімен жүзуде іріктеу сындарына қатысса, финалдық кезең 17.30-21.10 аралығында болады. Жарыс күнінің дәл осы күні (19.00-22.45) сондай-ақ, біздің жеңіл атлетшіміз Байділдаева Айнұр (Алматы облысы) 100 метрге жүгіреді. 

Айта кетсек, Паралимпиада ойындарынан алтын иеленген қазақстандық спортшыларға 50 мың доллар сыйақы берілетін болды. Екінші орынға 35 мың, үшінші орын иеленген жұптарға 25 мың доллар сыйақы берілмек. Сонымен қатар төртінші, бесінші, алтыншы орын иеленгендер де 14 мың доллар көлемінде ынталандыру алады. Бұл туралы ҚР Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттігі хабарлаған болатын. 

Естеріңізге сала кетсек, жазғы Паралимпиада ойындары 2012 жылдың 29 тамыз - 9 қыркүйек аралығында өтеді. Жарысқа жалпы 4,2 мың спортшы қатысады. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: news.vse42.ru

466 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 21 тамыз 2012, 16:54
Пікірлер
+0
21 тамыз 2012, 16:55

Сәттілік тілейміз! Паралимпиада спортшыларының қайсарлығы мен қажырлығы ерекше екені сөзсіз. Сау адамның қолынан келе бермейтін жетістіктерге жетіп, паралимпиадаға жолдама алғандарының өзі ауыр еңбек пен төзімділіктік жеңісі емес пе

+0
21 тамыз 2012, 16:56

Сәттілік! Жолдарың болсын, жүлде әкеліңіздер!

+0
21 тамыз 2012, 17:25

ең мықты адам деп осы кісілерді айту керек.

+0
21 тамыз 2012, 17:27

Сәттілік тілеймін! Жарайсыңдар!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...