Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Лондон-2012 / Дәулет Ниязбековтің қарсыласы денесін майлап шығыпты

Дәулет Ниязбековтің қарсыласы денесін майлап шығыпты

Дәулет Ниязбековтің қарсыласы денесін майлап шығыпты

55 келі салмақта өнер көрсететін Дәулет Ниязбеков қола медаль үшін болған таласта кәріс жігітінен жеңіліп қалған болатын. Белдесу соңында тарқасып бара жатып қазақ жігітінің қолмен ишара көрсетіп кеткенін бәріміз де білеміз...

Дәулет Ниязбеков бұл кездесуге көңілі толмай, біраз уақытқа дейін бетін ұстап тұрып алды. Сосын барып кәріс жігітіне әлгі ишаратты көрсетіп кете барғаны. Қазақылыққа жат қылықты әркім әртүрлі қабылдады. Біреу төбелестен соң жұдырық жұмсамайды емес пе десе, енді біреу дұрыс болған екен деп шапаттап қалды. Алайда, бәрі біз ойлағаннан да күрделі болып шықты. Бұл турасында Дәулеттің жеке бапкері Аман Әбутәліпов айтып берді:

"Дәулеттің белдесу аяқталған соң көрсеткен ишарасына ашуым келді. Бұрын-соңды оның мұндай қылығы жоқ еді. Сөйтсем, Лондоннан жігіттер хабарласып жатыр. Кәріс балуаны денесін майлап шығыпты. Боз кілемге май термен шығып жатса, қарсыласына ұстатпай қояды емес пе?! Төрешілер мұны байқамай қалған. Әйтпесе, Дәулетім әдепті жігіт еді, жеңілсе, жігіттерше мойындайтын еді".

Айта кететін болсақ, 2010 жылы Дәулет тұңғыш рет күрестен ересектер арасына өтіп, Азия чемпионатында осы кәріс балуанымен белдесіпті. Сол жолы да жеңіліп қалғанына қарамастан, кәріс балуаның әбден діңкелетіп тастаған. Содан не керек, арып-ашып жүріп финалға шыққан солтүстік  кореялық жігіт жапон жігітіне түк қауқар көрсете алмапты. Ел аяғында кәріс жігіттің бапкері келіп Аман Әбутәліповке «Біздің жігітті Дәулет шаршатты, сол үшін жапоннан ұтылып қалды» деп назын айтып кеткен... Одан бері 2 жыл өтіпті.

Сурет:vesti.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

417 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 13 тамыз 2012, 18:35
Пікірлер
+0
13 тамыз 2012, 23:38

ужассс, біздің жігітті жерге қаратып

+0
14 тамыз 2012, 02:30

Қажымұқанның ұрпақтары жарамады :oops:

+0
14 тамыз 2012, 10:35

негізі утатын еді майлап шыққаны арамдық болыпты. :evil:

+0
15 тамыз 2012, 15:56

енді айтпай ма? төрешілерге

+0
15 тамыз 2012, 16:43

болары болып бояуы сіңгеннен кейін ештенеде істей алмайсын сол жерде төрешілерге шағым айтуы керек еді өзіненде барғо

+0
15 тамыз 2012, 16:55

Сеул олимпиадасында да Дәулет Тұрлыхановтың қарсыласы денесін майлап шыққан екен. Кәрістер өз жерінде осылайша медалді алып қалған болатын.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...