Олимпиадаға қатысып жатқан спортшылардың басым көпшілігі допинг пайдаланады екен!

Олимпиадаға қатысып жатқан спортшылардың басым көпшілігі допинг пайдаланады екен!

BALCO зертханасының бұрынғы басшысы, бүгінде үй қамауында жүрген Виктор Конте Лондон Олимпиадасына қатысушылардың 60 пайыздан астамы допингпен жеңіске жетіп жатыр дейді. 

Британдық басылымдардың мәлімдеуінше, Конте осы мәселе жөнінде бірнеше мәлімдеме жасаған екен. Контенің айтуынша, жарысқа қатысып жатқан әрбір он спортшының алтауы руқсат етілмеген, адамның күш-қуатын көбейтетін дәрі-дәрімектер пайдалануда.

Дегенмен бұл мәлімет жөнінде американдық дәрігер нақты дәлелдер келтірмеген. «Допингпен күрес  бұл жәй әңгіме ғана», - дейді Конте - «Лондонда өтетін жарыстар әділ өтуі үшін бірнеше мыңдаған долларлар шашқан. Бірақ балықты қармақтың ілмегіне ілінген кезде бірден тартып алу керек емес пе!? Сол секілді спортшылардың көбісі Олимпиада ойындары басталардан бір жыл немесе тоғыз ай бұрын ішіп алады, ал допинг қанның құрамынан бес-алты айда тарап кетеді. Сол себептен дәрігерлер спортшылардың басым бөлігін допингпен мүлде ұстай алмайды»,- BALCO зертханасының басшысы.

Ұлыбритания астанасындағы додада спортшылардың 60 пайызы допингпен өнер көрсетіп жатыр. Бұл дегеніміз Ұлттық Олимпиада Комитетінің допингке қарсы 64 миллион фунтқа жоспарланған жоспары түбегейлі құлдырады деген сөз.

Бір жағынан Контенің бұл айтқан мәлімдемесіне сенуге де болатын шығар. Өйткені алдыңғы Олимпиада ойындарында топ жарып, кейін допингпен ұсталған Олимпиада чемпиондары - Мэрион Джонс, Тим Монтгомери, Дуэйн Чемберс, боксшы Шон Мосли, бейсболшы Барри Бондс дәл осы зертхананың дәрі-дәрімектерінің арқасында топ жарғаны анықталған болатын. 

Екінші жағынан бұл сөздерге де сенбеуге болады. Бұл туралы Ұлыбритания Ұлттық Олимпиада коммитенінің басшысы, лорд Колин Мойнихен төмендегідей жауап қатқан болатын:

«Виктор Контенің бұрынғы зертханасы бірнеше жыл бұрын жабылған. Ол жанкүйерлер арасында дау туғызу үшін мұндай мәлімдеме жасаған. Жалпы мен оның бірде-бір сөзіне сенбеймін. Ол мен үшін алаяқ».

Расында, бұл екі пікірге толық қосылуға болмайтын шығар. Өйткені дәл қазір өтіп жатқан Лондан Олимпиадасында түрлі жағдаяттарға куә болған болатынбыз. Кейбір спортшылар шын мәнінде маңдай терінің арқасында топ жарса, екінші біреулері (Е Шивень, Таофик Махлуфи) жарысты әділетсіз жолмен жеңгенін өз көзімізбен тамашалаған едік.

Сурет:ondon2012.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига