Америкалық атлет эстафетаны сынған аяқпен жүгіріп өткен

Америкалық атлет эстафетаны сынған аяқпен жүгіріп өткен

Америкалық жеңіл атлет Мантео Митчелл 400 метрлік (4 мәрте) эстафетаны аяғының сынғанына да қарамастан жүгіріп өткен. 

25 жастағы спортшының сөзіне сенсек, 200 метрді артқа тастаған уақытта аяғының сына бастағанын сезінген. "Мен шытыныған дауыс естіп айқайлап жібердім, бірақ менің ащы даусым көпшілік шудың ортасында жұтылып кетті. Әріптестерімінің ұтылғанын қаламадым, сондықтан жүгіруді жалғастыра бердім. Ауырлық жаныма батты"- деп Митчеол әлі күнге өз-өзіне сенер емес. Және америкалық жігіт берілген қашықтықты 46,1 секундта кесіп өткен. 

Америка құрамасының бас дәрігері Боб Адамс атлетші жігіттің сол аяғының жіліншік сүйегі сынып кеткендігін растап отыр. Рентгеннің өзі де аталған диагнозды жоққа шығара алмаған. Кейінірек желаяқтың өзі де бірнеше күн бұрын Олимпиада қалашығының ішінде текпешекке жығылып қалғанын еске алған. Алайда, сол уақытта аса мән бере қоймапты. 

Бір атлеттің жарақат алып қалғанына қарамастан америкалықтар бүгін олимпиада эстафетасының финалына шығады. Бір ғана Митчеллдің орнын Лашон Меррит (жарыстың осы түрінен Пекинде алтын алған) ауыстырып отыр демесек, команда келіп жеткен жарысқа тас-түйін дайын. 

Қоса кететін болсақ, Америка құрамасы 400 метрді 4 мәрте жүгіріп өтуден финалдық жарыстың фавориті саналады. Осыған дейін сегізге жуық жарысты америкалықтар жеңіп келген. Тағы бір ескере кететіні, Америка құрамасы аталған қашықтықтың қазіргі чемпиондары. 

Дайындаған: Фараби Бақыт

Сурет:london2012.com

Л. Лига