Қола жүлде қоржынға келіп түсті. Марина Вольнова 17 жасар қыздан жеңіліп қалды

Қола жүлде қоржынға келіп түсті. Марина Вольнова 17 жасар қыздан жеңіліп қалды

Қазақстандық былғары қолғап шебері Марина Вольнова Олимпиада ойындарының қола жүлдегері!

Лондон олимпиадасында  74кг салмақ дәрежесінде 1/2 финалға өткен қазақстандық боксшы Марина Вольнова америкалық Клариса Шилдстан жеңіліс тауып, қола медальға ие болды.  Алғашқы раундта Марина қарсыласының дәл соққыларын өткізіп алды, есеп -5:7. Екінші раундта боксшымыз басымдыққа ие бола алмай, тағы да есе жіберіп алды, есеп 3:5.  Үшінші раундта Вольнова қарсыласынан нокдаун алып қалып, төртінші раундта қарсыласынан есепті асыра алмады, жалпы есеп 15:29.

Айта кететін болсақ, алтын медальға талас ертең Америка мен Ресей спортшылары арасында өтеді.

Сурет:.london2012.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Ж. FM