Ольга жүгіруден жүлдеге ілінбеді

Ольга жүгіруден жүлдеге ілінбеді

Қысқа қашықтыққа жүгіру шебері Ольга Блудова 100 метрге жүгіруде финалға жолдама ала алмады, деп хабарлайды Массагет.кз

100 метрді 11,39 секундта жүгіріп өткен 20 жастағы алматылық спринтер мәре сызығын соңғы болып аттады. Ал осы қашықтыққа жүгіруде Олимпиада жүлделеріне қол жеткізген спортшыларды айтар болсақ, алтын медальді Ямайкалық Фрэйзер Прис иеленсе, қола медальды АҚШ елінің желаяғы Жетер Кармелита қоржынына салды. Өз кезегінде қола жүлде тағы да бір ямайкалық Камбрелл Браунға бұйырды.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: london2012.com

Ж. FM