Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Лондон-2012 / Олимпиада чемпионы әжесінің көз жұмғанын тоғыз жыл бойы білмей келген

Олимпиада чемпионы әжесінің көз жұмғанын тоғыз жыл бойы білмей келген

Олимпиада чемпионы әжесінің көз жұмғанын тоғыз жыл бойы білмей келген

XXX жазғы Олимпиада ойындарында қытайлық Ву Минься суға секіруден чемпион атанды. 

Еншісінде екі дүркін Олимпиада чемпионы, аз десеңіз, алты дүркін әлем жеңімпазы деген жетістіктері бар. Бірақ... Лондонда алтыннан алқа тағынып, жеңіс тұғырына көтерілген сәттен кейін ғана туған әжесінің дүниеден тоғыз жыл бұрын озып кеткенін, ал шешесінің сегіз жылдан бері ауыр індетке шалдыққанын бірақ білді. 

Спорттық тұрғыдан алғанда дұрыс та шығар. Әжесі мен шешесінің ахуалы оның жеңіс тұғырына көтерілуіне қиындық келтіруі де мүмкін еді ғой. Ол болмаса, Ву Минься қазіргідей атағы жер жармаса да, жақын жандарына қолғабыс еткен қарапайым қыз болып қана жүрер ме еді, кім білсін...

Өмірлік тұрғыдан қарап көрелік. Шешесі Ву Цзюэмин Миньсяны бала күнінен бастап спорт интернатына оқуға береді. Шеше мен қыз болып бірде-бір рет әңгімелеспеген. Бар болғаны, интернет желісінде хабар алысып, жағдай білісіп қана тұрған екен. Оның өзінде де анасы қыз көңілін түсірмеу үшін тек жағымды жаңалықтарды айтып келген.

Өрімдей ғана қыздың тағдырымен ойнау өзімшілдік емес пе? Әу бастан-ақ қоғамның солай құрылғанын тілге тиек етіп, шыр-пыры шыққан ата-ананың жалған ойы кімге керек немесе кімге дәру? Әрине, спорт жолында тер төгіп жүрген адам болса, белгілі бір мөлшерде спортқа да құрбандық керек екенін бағамдайды. Алайда, туған әжесінің дүниеден озғанын, ал өзінің сегіз жыл бойына ісік ауруына ұшырағандығын жасырып келу қиянат емес пе? Балаға жасалған қиянат қой? 

Өмірдің өзін спорт десек қателеспейтін шығармыз, ал спортты өмір деуге батылдық керек сияқты... Сіз қалай ойлайсыз? 

Сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

1220 11
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 02 тамыз 2012, 22:11
Пікірлер
+0
02 тамыз 2012, 21:49

сұмдық қой, ондай ата-анаға обал ғой. Өмір деген бір-ақ рет беріледі

+0
02 тамыз 2012, 22:18

сұмдык екен есесіне алтын алды.

+0
02 тамыз 2012, 22:20

жарадың, Фара, мен қытайлық қыз үшін де, ол туралы осылай етіп жазған саған да риза болып отырмын :D

+0
02 тамыз 2012, 23:04

Фара бауырымның тәбеті енді ашылған екен ғой. Әне, көріңдер де көзайым болыңдар енді!

+0
02 тамыз 2012, 23:05

көзайым етіңдер дегім келген

+0
03 тамыз 2012, 00:03

ия, өмірде бәрі болады! Әдемі жазыпсың, Фараби!!!

+0
03 тамыз 2012, 01:06

:o9 жыл деген сумдыкгой. Ащыда болса шындык жаксы. Онсызда анасымен сыр шертiсiп кормеген жан,ендi калай болар екен? Салкын тартып кетпеспе екен? Обал-ай!

+0
03 тамыз 2012, 08:52

Обал! Жаным ашып кетті

+0
03 тамыз 2012, 10:22

қиын жағдай екен, чемпионға Алла сабыр берсін!

+0
03 тамыз 2012, 10:26

тоғыз жыл бойы айтпағанынан оған өз кезіндегідей ауырлық тигізбеген шығар. Оның үстіне енді анасының дертін жазып береді...

+0
03 тамыз 2012, 10:43

Спорт - өмір емес!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Том Сойермен балалық шаққа..."

Марк Твеннің таңдаулы туындылары

Автор: Nazym Samet
Жетінші аптаның үздік блогы
Жетінші аптаның үздік блогы

Демалыс кезінде блог жазуға да уақыт тапқан оқырмандарымызға алғыс айтамыз

"Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем!.."

. Әлемде миллиондаған аналар бар. Олардың әрқайсысы ерекше, әрі қайталанбайтын...

Мен мақтан тұтамын!
Мен мақтан тұтамын!

“Дарын – армандардың орындалатын құт мекені” деймін.

Егер мен жазушы болсам...
Егер мен жазушы болсам...

Егер мен жазушы болсам, "Махаббат, қызық мол жылдар" романының шешімі қандай...

Төрт алынған екі
Төрт алынған екі

Төрт алынған екі деген есепке төрт деп жазғаным себепті, мұғалімнен екі күн сын...

Автор: Естен Ербол

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...