Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Лондон-2012 / Винокуров велосипедін аукционға қояды

Винокуров велосипедін аукционға қояды

Винокуров велосипедін аукционға қояды

Қазақстандық велоспортшы Александр Винокуров Олимпиададағы жеңісіне себеп болған велосипедін аукционға қоятындығын айтты. Бұл туралы Экспресс К газеті хабарлады.

"Велосипедімді Астанаға әкеліп аукционға түсіремін. Жанкүйерлерімді бұл қадамым қуантады деп ойлаймын. Сатылымнан түскен қаржыны жетім балаларға садақа ретінде жұмсаймын", - деді Александр журналистерге берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетелік, Александр Винокуров Лондон - 2012 Олимпиада ойындарында топтық бәсекеде топ жарып, Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтынды салып берген болатын. Велошабандоз 248 шақырым қашықтықты 5 сағат 45 минут 57 секундта жүріп өтіп, үздік атанған еді. Одан соң, Винокуровтың велоспорттан кететіндігі хабарланған болатын.

"Мен бұл шешімді Олимпиада басталмай жатып қабылдап қойдым. Енді менің арманым жоқ. Спортта армандауға болатын барлық биіктерді бағындырдым. Еңбегім жанды. Енді осымен велоспорттағы қызметімді аяқтаймын", - деді Винокуров.

Лондон Олимпиадасы. Винокуровқа медаль табыстау кезі.

Айта кетейік, Александр 2006 жылы Испанияда өткен "Вуэльта" көпкүндігінде алтын медальға ие болса, 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасында күміс медальға қол жеткізді. 2007 жылы спортшыны допинг қолданды деген айыппен екі жылға спорттан шеттетті.  "Тур де Франс-2011" бәйгесінде шабандозды қырсық шалып, жамбас сүйегі сынып, ауруханадан бір шыққан еді. 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: minber.kz

872 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 31 шілде 2012, 16:39
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...