Кукушкин Олимпиада ойындарының бірінші айналымында жеңіліске ұшырады

Кукушкин Олимпиада ойындарының бірінші айналымында жеңіліске ұшырады

Теннистен Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғауға аттанған Михаил Кукушкин бәсекенің бірінші айналымында Жиль Симонға есе жіберді деп хабарлайды Massaget.kz.

Еліміздің бірінші ракеткасы алғашқы айналымда француз жігітіне 4:6, 2:6 есебімен ұтылып қалды. Өкінішке орай, Кукушкин ойын барысында өте көп қателіктерге бой алдырды. Қарсылас Михаилдың қателіктерін өз пайдасына керемет пайдаланып бір сағатқа жетер-жетпес уақытта ойын тағдырын шешіп тастады.

Айта кетсек, Михаил Кукушкин қазіргі таңда АТР санатында 61-ші, ал француз Жиль Симон 14-ші сатыда орналасқан.

Сурет: tennisworldusa.org

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Л. Лига