Подлесный Олимпиада медалінен қол үзді ...

Подлесный Олимпиада медалінен қол үзді ...

Пневматикалық винтовкамен 10 метрлік нысананы көздеу барысындағы іріктеу сындарындағы отандасымыз Вячеслав Подлесный 40-ші нәтижені көрсетті. 

Подлесный жалпы дода бойынша 565 ұпай қол жеткізе білді. Бұл көрсеткіш өкінішке орай, еліміздің мерген жігітіне Олимпиадалық ойындардың финалдық кезеңіне шығуға мүмкіндік бермеді.

Іріктеу сындары барысында Оңтүстік Кореялық мерген Днгох Джинжо үздік атанды. Корей жігіті жалпы есепте 588 ұпайға қол жеткізген. 

Сурет: vesti.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Ж. FM