Олимпиада ойындарын тікелей эфирде "Хабар" мен "Ел Арна" көрсетеді

Олимпиада ойындарын тікелей эфирде "Хабар" мен "Ел Арна" көрсетеді

Биыл Лондонда өтетін Олимпиада ойынын қазақстандық "Хабар" және "Ел Арна" телеарналары транслациялайды деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.

Қазақстан аумағында 2012 жазғы олимпиада ойындарының көрсетілімі құқығына тек "Хабар" агенттігі ие. Бұл жылы төрт жылдықтың басты спорт жарыстарынан 200 сағат эфирлік уақыт көрсету жоспарланған. 
Естеріңізге сала кетсек, XXX жазғы олимпиада ойындары Лондон қаласында 27 шілде 12 тамыз аралығында өтеді. Қазақстандық спортшылар 116 жолдама иеленді.
"Олимпиада ойындарында бірінші орынға - 250 мың, екінші орынға - 150 мың, үшінші  орынға - 75 мың, төртіншіге - 30 мың, бесіншіге - 10 мың, алтыншыға - 5 мың доллар сыйақы беріледі", - дейді Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев.
Дайындаған: Фараби Бақыт
Сурет: sport.mos.ru
Ж. FM