Жаңа жылға азық-түлікті қайдан сатып аламыз?

Жаңа жылға азық-түлікті қайдан сатып аламыз?
Фото: data.vb.kg

Жаңа жыл – жаңа өмірдің бастауы, оған үлкен дайындық керек деп, мейрам қарсаңында қарбаласпен жүріп, жаңажылдық үстел дайындау үшін, сыйлықтар алу үшін жан-жаққа жүгіреміз. Барлық сауда орталығы тұтынушыларына ыңғайлы болуы үшін түрлі акциялар, жаппай сатылымдар ұйымдастырып жатыр. Бірақ әр жердің бағасы әртүрлі. Сонымен қайда барамыз?

Сауда орталықтарының акциялары мен базардың қалыпты бағасын салыстыра жүріп, таңдау жасауға болады, әлде үйіңізге жақын сауда орнына барған абзал.

Супермаркеттердің бір тиімдісі «біреуін алсаң, екіншісі – сыйлыққа», «екеуін алса, үшінші затты таңдап, тегін алыңыз» деген акциялар көп кездеседі. Дегенмен жеміс-жидек, көкөністерді таңдау қиынға соғуы мүмкін. Босаған немесе үсіген жемістердің арасынан жақсысын сұрыптап алу қиындау. Ал сусын, шай секілді тағамдарды акциямен арзанға ала аласыз. Жаңа жылдық бұйымдар, шырша, жылтырақ деген безендіру құралдарын супермаркеттен алсаңыз, әмияныңыз жұқарып қалуы мүмкін.

Ал базарда жеміс-жидектер мен көкөністерді шертіп жүріп таңдап аласыз. Бірақ, акциялар өкінішке орай ұйымдастырылмайды. Көп алсам немесе барлық затты бір жерден алсам, бағасын түсіріп аламын деген қағиданы ұстансаңыз, базарға қарай жол тартасыз. Үйді мейрамға орай безендіруге арналған нәрселер базарларда арзанға түсуі мүмкін.

Ең бастысы, дастарханыңыз мол болсын! Өз таңдауыңыз көңіліңізден шықса, болғаны. Таңдау – өзіңізде. Біз тек кеңес береміз! Жаңа жылыңызбен!

Ал сіз жаңажылдық дайындық үшін қайда барасыз?

Г. Берік