Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Еуро-2012 / Германия - Италия. Ежелгі қарсылас

Германия - Италия. Ежелгі қарсылас

Германия - Италия. Ежелгі қарсылас

Кешегі ойыннан да бір қызық ойын болғалы тұр. Бүгін бүкіл әлем болып аспан жерге түскендей күй кешеріміз анық. Айдай әлемге атақ-даңқы таралған қос мықты тізе қағыстырады. Кімнің мықты екені бәрімізге аян. Бәріміз де біліп отырмыз. Бірақ, доп домалақ болған соң, алаңдағы ойын тағдыры кез келген сәтте ауып кетуі мүмкін. 

Сонымен Варшавада өтетін ойында кімнің асығы алшысынан түсуі мүмкін. Әрине, Германия құрамасы. Немістер осы турнирге командалық ойынмен келді. Оның үстіне дәл қазіргі таңда "неміс машинасы" көрсетіп жүрген ойын өрнегі талайдың таңдайын қақтыруда. Құрамында Швайнштайгер бастаған, Озил қостаған  Германия құрамасы өз бабында. Енді тек чемпиондық тәжді қайта киюге бір қадамды анық басса болды. Сонда барып қана Йоахим Лев баптаған немістер әділетті түрде жеңімпаз атанар еді.

Сонымен Варшавада өтетін ойында кімнің айы оңынан туады екен. Әрине, Италия құрамасы. Бүгінгі таңда «Скуадра адзурралықтар» өздеріне керек жүрісті, яғни ойын өрнегін алыстан тануда. Сол үшін де болар ешкім құрықтай алмай жүрген испандықтарды да бірінші ойында құрықтады. Сол үшін де болар ширек финалға дейінгі жолда жаңылмай келді. Супер Мариосы бар итальяндықтар бүгін де финалға бастайтын тура жолдан таймақ емес. 

Ең бастысы көрермендер жақсы ойын өрнегін көрсе болды. Онсыз да Германия құрамасы шабуылда бірінші нөмірде ойнайтын команда. Жо-жоқ, итальяндықтарды шетке ысырып тұрғам жоқ. Бірақ, аталған команданың уақыттың көп бөлігін қорғанысқа жұмсайтынын мойындарсыз?! Қысқасы, қай қарсыластың болмасын чемпиондық тәжден дәмесі зор. 

DEMOSCOPE қоғамдық пікірді саралайтын эксперсс-мониторинг бюросы сауалнама жүргізді. Қазіргі таңда Еуро-2012 турнирін қазақстандықтардың ойынша Германия құрамасы жеңіп алуға тиіс (40,77%). Ал одан кейінгі кезекте 29%-бен Испания құрамасы. Одан кейінгі қалған 16,78%-ды итальяндықтар иеленген.

Ойынның басталуы: Астана уақытымен 00:45-те


Стадион: Польша, Варшава – Ұлттық стадион

Бас төреші: Стефан Ланнуа

Италия: Буффон (В), Бальцаретти, Бардзальи, Бонуччи, Абате, Ночерино, Пирло, Маркизио, Монтоливо, Кассано, Балотелли.

Германия: Нойер (В), Лам, Бадштубер, Хуммельс, Бендер, Швайнштайгер, Хедира, Подольски, Озил, Ройс, Гомес.

Сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

2990 9
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 28 маусым 2012, 20:44
Пікірлер
+0
28 маусым 2012, 18:50

Керемет матч болады!!!! Кім жеңеді деп ойлайсыздар?

+0
28 маусым 2012, 18:52

Италияға жанкүйер болмақпын :)

+0
28 маусым 2012, 18:54

мен де)

+0
28 маусым 2012, 18:57

Германия жеңеді..бәстесетін кім бар?

+0
28 маусым 2012, 19:39

Фмналда да Германия жеңеді деген екен Екстрасенсы :o

+0
28 маусым 2012, 21:03

Италияяяяяяяя

+0
29 маусым 2012, 11:55

Паулс сегізаяғынан бір кем түспеппін. енді финалда испания деңеді сосын мен 2 жыл бойы неге ставка тікпегеніме өкініп жүремін. Білемін, білемін... :lol:

+0
29 маусым 2012, 12:46

Италия жеңді ғой :)

+0
29 маусым 2012, 12:48

Германия, давай до свидания :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...