Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Еуро-2012 / Англия-Франция ойынының анонсы

Англия-Франция ойынының анонсы

Англия-Франция ойынының анонсы

Бас төреші: Никола Риццоли (Италия).

Көмекшілері: Ренато Фаверани және Андреа Стефани (Италия).

Төртінші төреші: Павел Краловец (Чехия).

Қақпа артындағы төрешілер: Джанлука Рокки және Паоло Тальявенто (Италия).

Міне, Еуропа чемпионаты қайтадан Украинаның футбол ареналарына оралды. Бүгін, яғни 11 маусым күні D тобының фавориттері сондай-ақ мәңгілік бәсекелестер  - Англия құрамасы мен Франция ұлттық командасы бақ сынасады. Осы жолғы шайқас Донецк қаласындағы Донбасс Аренада өтпек. Алғаш рет қарсыластар 1923 жылы 10 мамыр күні Париж қаласында кездескен болатын. Ол кезде Англия 4:1 есебімен басым түсті. Ал командалар арасында болған жалпы 28 кездесуде едәуір басымдылық 16 рет жеңіске жетіп, 8 рет жеңіліс тапқан ағылшындарда.  Дегенмен, ресми кездесулерде командалар тең көрсеткішке ие - 2 жеңіс және 2 жеңіліс. Айта кетсек, ағылшындар Еуропа чемпионаттарында бірде-бір рет ұтқан емес. Олар тек екі тең есеп пен екі жеңілістің дәмін ғана татқан. Әлем біріншіліктерінде ағылшындардың жеткен жетістіктері анағұрлым жоғары: ағылшындар 1966 және 1982 жылдарғы әлем чемпионатында көршілерінің жауырын жерге тигізген еді.

Естеріңізге сала кетсек, Донецк бұдан бұрын да Еуро-2009 шеңберінде (19 жасқа дейінгілер арасында) өз алаңында Англия мен Франция құрамаларын қабылдаған болатын. Ол кезде британдықтар үстемдірек болды (3:1).

Командалардың жеке көрсеткіштерін айтар болсақ, Франция Еуро-2012 іріктеу кезеңінде Белорусьтардан минималды есеппен ұтылғаннан кейін болған 9 ресми кездесуде жеңілмеген (6 жеңіп, 3 рет ұпай бөлісті). Ал Англия өз кезегінде іріктеу кезеңінен еш жеңіліссіз өтті - 5 рет жеңіске жетсе, 3 рет қарсыласпен тең түскен. Соңғы рет "арыстандар" 2010 жылы ОАР-да болған әлем чемпионатының ширек финалында 1:4 есебімен немістерден ойсырата жеңілген болатын және сол жеңілісі ағылшындардың финалды турнирлердегі ең үлкен ұтылысы болды.

Англияның басты проблемаларына тоқталар болсақ, ол біріншіден футболшылардың жарақат алуы. Атап айтсақ, Фрэнк Лэмпард, Гарет Бэрри, Гари Кэхилл, Джек Уилшир, Джон Радди және де Руни дисквалификациялануы. Француздар дәл осындай проблема кешуде, дегенмен айтарлықтай емес. Қорғаныста Эрик Абидаль, Бакари Санья, Юнес Кабул сонымен қатар шабуылшы Лоик Реми өз командасына көмек көрсете алмайды.

Ағылшындардан осы біріншілікте не күту керектігін кім біледі. Англия құрамасының бас бапкері Рой Ходжсонның бір жағынан ойынның өзіндік нұсқасын құруға жеткілікті уақыты болмаса, екінші жағынан дәл осы бапкер нақты кездесуге ойнаудың ең дұрыс нұсқасын таңдай және көздеген мақсатқа жете алады деуге келеді. Бірақ, әзірше Ройдың басты проблемасы - негізігі құрама болып қалуда. Руни әлі екі ойынға қатыса алмайды және ағылшындарға француз қорғаушыларына қарсы ойыны оңайға түспейтіні анық. Сондай-ақ, топтың басты фаворитін жеңуге тырысу қауіпті іс. Ең дұрысы бұл квартетте басқа командалар ойнап ұпай жинаған дұрыс. Ағылшындарға ең бастысы алғашқы ойында жеңіліп қалмау. Ал француздар D тобындағы айқын фавориттер, дегенмен екі құраманың да D тобында ұпай жинаудың оңайға түседі деп ойлауы екіталай, сондықтан тең нәтиже көрсету командаларға ешқандай кепілдік бермейді. Егер А тобының жеңімпазына қалайда мықты қарсылас (В тобынан) түсетін болса, осы квартетте екінші орынға иеленген құрама ширекфиналда Испаниямен бақ сынасуы әбден ықтимал! Сондықтан кемінде жартылай финалға жетуді көздейтін француздарға әлем чемпиондарымен кездеспес үшін топтан бірінші болып шығу қажет, ал ағылшындарға испандықтармен кездесу мүлдем қажет емес. Сондықтан бүгінгі ойынның әсерлі де қиын болары сөзсіз. Барлық факторларды ескере отырып, D тобы фавориттерінің бүгінгі кездесуі тең есеппен аяқталады деп болжауға болады. Мысалы, 1:1. Дегенмен, ойын барысында француздардың сәл де болса басымырақ болуы мүмкін, ал олардың жеңіске жететіні үлкен сұрақ...

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: uefa.com, sports.ru, chelsea-fc.ru

463 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 11 маусым 2012, 17:31
Пікірлер
+0
11 маусым 2012, 19:40

мен өз басым бүгін қызық футбол үшін болеть етемін

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...