Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / ҰБТ 2014 / ҰБТ-ның үшінші күні үш түлек ең жоғары балл жинады

ҰБТ-ның үшінші күні үш түлек ең жоғары балл жинады

ҰБТ-ның үшінші күні үш түлек ең жоғары балл жинады

Ұлттық бірыңғай тестілеудің үшінші күнінде қазақстандық үш түлек ең жоғары 125 балл жинады, деп хабарлайды Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.

3-5 маусым аралығында өткен тестілеуге 71 592 мектеп түлегі қатысты. Оның ішінде қазақ тілді 49 058 түлек болса, орыс тілді 22 534 оқушы болған. Сонымен максималды 125 балл жинағандар: Алматыдағы Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының түлегі Ботагөз Құспанғалиева, Екібастұздағы дарынды балаларға арналған №1 мектеп-лицейінің түлегі Әсел Айткенова және Шымкенттегі Дулати атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №8 гимназия түлегі Аида Ысқақ. 

Аиданың сөзінше, ол бесінші пән ретінде географияны таңдап алған екен. Сондай-ақ ол максималды ұпайға үміттенбегендігін, алайда өз біліміне сенімді болғанын айта кетті. "Тестілеу кезінде жан-жағыма жалтақтамауға, ешкімге көмектеспеуге тырыстым. Тек сұрақтармен ғана басымды қатырдым",-дейді Аида. Айта кетейік, Аида осы нәтижесімен "алтын белгісін" қорғап шықты.   

Үшінші күні тестілеуге қатысқан 25 646 түлектің 7436 тиісті межені бағындыра алмаған. ҰБТ 9 маусымға дейін жалғасатын болады. Ал 15 маусымға дейін апелляциялық комисия мүшелері түлектерден келіп түскен арыздарды қарастырып, ақырғы нәтиже одан кейін жарияланатын болады. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: locman.kz

6804 6
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 06 маусым 2013, 14:49
Пікірлер
+0
06 маусым 2013, 15:59

жарайсыңдар! бәрі де мықты мектептерден екен

+0
06 маусым 2013, 19:00

Мықты үш қызда!

+0
07 маусым 2013, 02:10

Жұғысты болсын бәрімізге)) :)

+0
07 маусым 2013, 13:18

ЕЕЕ кей қалаларда оңай болды...Бізде КЕнтте қиын болды...102 алдым Алтын белгі қорғай алмадым орыс тілден 2 балл жетпеді биодан 1 балл апелляцияға бердім....Ладно грантка туссем болды

+0
11 маусым 2013, 22:06

мәләдес,құттықтаймын)

+0
10 маусым 2013, 01:11

124 балл алғандар да тек қыздар!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Менен сізге 7 кеңес
Менен сізге 7 кеңес

...есімнен адасатын шығармын...

БУВЕ НҮКТЕСІ
БУВЕ НҮКТЕСІ

"Олардың тарихы" беллетристикасынан

Автор: Мерей Қосын
Музыкамен сырласып, мұңдасамын
Музыкамен сырласып, мұңдасамын

Музыка – жүрек тілі, ол – сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы...


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...