Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Бізге 1 жыл! / Редакция таңдауы: Алғашқы кездесу (жігіт көзімен)

Редакция таңдауы: Алғашқы кездесу (жігіт көзімен)

Редакция таңдауы: Алғашқы кездесу (жігіт көзімен)

Құрметті Массагет оқырмандары! Порталымыздың 1 жылдығына орай, қазірге дейін жазылған материалдардың ішіндегі ең үздік деген жазбаны таңдап беріп отырмақпыз. Массагет редакциясы "Алғашқы кездесу (жігіт көзімен)" атты материалды үздік деп танығандықтан, осы жазбаны назарларыңызға қайтадан ұсынады! 

Алғашқы кездесуде жігіт неге назар аударады?

Қандай жағдай болмасын, тым қатты боянбаңыз. Талғамсыз макияж жасап, «кемпірқосақ» болғанша, мүлдем боянбаған дұрыс. Қымбатты қыздар, құлақтарыңызға алтын сырға, ең жақсы макияж – сіздің шынайы келбетіңіз.

Алғашқы кездесуге қызға не киген жөн?

Егер қысқа етек киіп келсе, әрине жігіт онымен «ойнай бастайды», себебі азғыртып жатқан жігіт емес қой. Егер де джинсы немесе стильді шалбар киіп келсе, әңгіме-дүкен құрып, қызды «сындырудың» амал-тәсілдерін қарастыра бастайды. Егер кездесуге киіп келген етегі тобығына дейін болса, онымен жай ғана дос ретінде сөйлесуге тырысады.  Дегенмен, ең бастысы киген киімі оның нәзіктілігін айқындап тұруы керек. Бұл жағдайда бірінші ұпай қыздың қанжығасында.

Жігіттің  кездесу барысында естігісі келмейтін сандырақтары немесе қыздың алғашқы кездесуде өзін қалай ұстағаны дұрыс?

  • Жігітке қандай дүкен аралағаны жайлы, қандай иіс су сатып алғаны туралы немесе ол әлі танымайтын туысқандарымен кеше қандай пицца жегендері сияқты түкке тұрмайтын бос «қыздарский» сандырақ әңгімелер айтудың мүлдем қажеті жоқ. Керек десең, қыздың туысқандарымен жігіттің танысуға ниеті бар ма, жоқ па оны мүлдем қызықтырмайды да.
  • Жігіттің материалды жағдайы туралы, отбасының мүмкіншіліктері жайлы тергеу жасау қажет емес, себебі, мұндай қылықтар бірден жиеркеніштік тудырады. Ұсқынсыз болса да, байдың баласын өз торына түсірмек болғаны және жігітті тек сол жағдайына қарай таңдайтыны туралы ой қалыптасады.
  • Жаргон, сленг секілді жағымсыз сөздерді қолданбау.
  • Қымбат мейрамханаларға баруды меңзеудің қажеті жоқ. Жігіттің көңілінен шықсаң, өзі-ақ ұсыныс жасайды.
  • «Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады» дегендей аса мақтана берудің жөні жоқ.
  • Экс-жігітіңмен болған қарым-қатынас жайлы ешқашан әңгіме қозғама.
  • Егер сен эрудициялы адам болсаң, оны бірден көрсетудің қажеті жоқ. Жігіттер ақылды қыздардан қорқады.

Бірінші кездесуде жақсы әсер қалдыру үшін қыз не істеуі керек?

  • Сыпайы болу
  • Жақсы тәрбие алғанын көрсету
  • Өз болмысыңды көрсет, ешкімге еліктеудің қажеті жоқ.

Кездесуде не туралы әңгімелесуге болады?

Университет жайлы, болашақ мамандығы, жұмысы туралы, кино мен шоу-бизнестегі жаңалықтар жайлы сөз қозғауға болады.

Егер де қыз жігітке өте қатты ұнаса, жоғарыда айтылғанның барлығы бос сөз.

Дайындаған: Ғани Тұрғымбеков

Сурет: lady.ru

П.С: Құрметті Массагет оқырманы, сіз Массагетте жарияланған қай жазбаны үздік деп ойлайсыз? Қай материалды қызыға оқыдыңыз? Өз ойыңызды форумға қалдырыңыз! 

1439 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 05 желтоқсан 2012, 17:50
Пікірлер
+0
05 желтоқсан 2012, 17:08

ең жақсы макияж – сіздің шынайы келбетіңіз! Мен мына сөз арқылы ғаниға сындым! :mrgreen:

+0
05 желтоқсан 2012, 17:34

Жақсы жазылған!

+0
05 желтоқсан 2012, 18:23

Жігіттер ақылды қыздардан қашады))))))))))))))))) Бишара жігіт ай)))))

+0
05 желтоқсан 2012, 18:26

Дұрыс жазылмаған. Себебі қыздар өздерін сыпайы болмасада сыпайы, әдепті болмаса да әдепті көрсетудің не қажеті бар. Бәрібір ондай басталған қарым-қатынас ұзаққа созылмайды. Әрине, жігіті ақылды болса. Артық проблема тудырып өздеріңді корсетуге тырыспаңдар, табиғи қалай болсаңдар өзеріңді солай көрсетіңдер қыздар. Отбасы құрып (тиіп алу) мақсатында алдап басын айналдырып әуреленбеңдер. Себебі Алла тағала Құранда былай дегенадам түптің түбінде өзіне сай мінезді жігітке (қызға) тұрмысқа шығасыңдар (үйленесіңдер) (Бұл аят түсініктемесі)! Сондықтан Алла бізге мінезімізді көркемдеуге шақырады. Ал егер керісінше болса, бұл Алланың берген бір сынағы. Кім де кім сол сынаққа сабырлықпен шыдаса, иншалла ол жанға Алла қияметте жақсылықпен жауап қайтарады!

+0
05 желтоқсан 2012, 18:34

дұрыс жазғанын-жазбағанын көпшілік шешсін :lol:

+0
05 желтоқсан 2012, 20:22

Қыздарға фудбол тұралы сөз қозғасаң қалай карар екен, онда да алғашқы кездесуде :)

+0
05 желтоқсан 2012, 22:40

Ой, дәл осы менің басымнан өтті! Бір жігіт қой, футбол туралы бір бастап ед, тоқтай алмай қалды)) Басында бар білгенімді айтып қосылып жүрдім, соңында келген жолыма қайта-қайта қарайлай бердім ғой))) :)

+0
06 желтоқсан 2012, 00:01

"Егер де қыз жігітке өте қатты ұнаса, жоғарыда айтылғанның барлығы бос сөз." :D Егер әңгіме футболға барып жатса, жымиғаннан басқа артық ештеңе қоса алмаспын... :D

+0
06 желтоқсан 2012, 02:38

келіспейтін тұстары да бар екен енді.

+0
07 желтоқсан 2012, 17:29

«Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады» дегендей аса мақтана берудің жөні жоқ. ) Мақтана беретіндер көп )))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...