Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Бізге 1 жыл! / Ерлан Рысқали: "Әміредей әнші боламын дейтін шәкіртім көп"

Ерлан Рысқали: "Әміредей әнші боламын дейтін шәкіртім көп"

Ерлан Рысқали:

Дәстүрлі ән орындаушысы Ерлан Рысқали Массагеттің бір жылдығымен құттықтайды. 

- Ерлан аға, жақында Алматы қаласында жеке концерт бердіңіз. Кеш ойдағыдай өтті ме? Пікірлер қандай?

- Кеш туралы жақсы пікірлер естіп жатамын. Лебізін білдірушілер көп. Өз ойымша, әрине, кешті бұдан да жан-жақты етіп, арнасын, бағытын тереңдетуге болатын еді. Айналып келіп тірелетіні қаражат мәселесі ғой. Жамбыл атындағы филармонияның директоры Мұхтар Жамашұлы Өтеуов деген ағамыз бен Базарбек Атығаев көмектесіп, концерттің өтуіне көмегін тигізді. Сосын қолдау білдірген бұқаралық ақпарат көздері: "Қазақстан" арнасы, "Алматы" телеарнасы, "Алаш айнасы" газеттерінің қолдауымен шама-шарқымыз келгенінше кеш өткіздік. Жалпы дәстүрлі өнерді өресі биік адам тыңдайды. Сондықтан да, тыңдаушыларымызды көбейту үшін әнмен қауыштыру мақсатында әннің тарихы, жалпы ақпараты беріліп отырды. Негізгі мақсатымыз осы еді.

- Концертіңізде жастар жағы басым болды. Бұл дәстүрлі өнеріміздегі жаңа леп деп айта алар ма едіңіз?

- Шүкір, қазіргі кезде дәстүрлі өнеріміз бұрынғыға қарағанда қарыштап дамып келеді. "Мен жастарға сенемін" деген Мағжан ұлттың болашағы жастар екенін түсініп, біліп айтып кеткен. Яғни біздің өнер жастардың қолында, кейінгі буынның иелігінде. Жалпы әннің дамуына келсек, қазақта әр әнші өзінің ұстаз тұтқан адамының мектебінде болды. Бұл дала мектебінің қалыптасқан заңдылығы еді. Ал кәдімгі дәстүрлі өнерден сабақ беретін оқу орны кеңес өкіметінің тұсында бізде біреу-ақ болды. Оны қазақтың ән өнерінің академигі деп айтсақ та болады - Жүсіпбек Елебеков ашып, Ғарифолла Құрманғалиев екеуі ұстаздық еткен. Ән үйретуді мамандық деп таныған кезең де осы болған. Одан кейін жезтаңдай әнші Жәнібек Кәрменов, Әмина Нұғымановалар бастаған лек келді. Бұл топ Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының ішінен халық әні кафедрасын ашты. Яғни олар жоғары білім беруге ұмтылды. Одан кейін Астанадағы музыка университетіміз ашылды. Оның ішінен дәстүрлі ән өнері өзінше бір кафедра болып ашылды. Бүгінде Қайрат Байбосынов ағамыз сол жерде тізгін ұстап отыр. Ал Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының ішінен тізгінін Рамазан Стамғазиев ағамыз ұстап отырған "Дәстүрлі музыкалық өнер" кафедрасының ашылғанына биыл 5 жыл толады. Алдында Ержан Қосбармақов, Ақан Әбдуәлі деген ағаларымыз басшылық еткен болатын. Мәселен Өскемен қаласында дәстүрлі ән мектебі ашылып жатыр. Бұл нұр үстіне нұр. Айтпаев Жанат Қызылжар өңірінде дәстүрлі әнімізді дәріптеуде. Қостанайда қазақ әнінің дәнін егіп жүрген Талғат Молдағалиев деген азамат ән сыныбын ашып, сабақ беруде. Демек бұл дәстүрлі әннің кәсіби деңгейде дамуының белгісі. Мемлекетіміз де бұған арнайы көңіл бөліп, жағдай жасап отыр.

- Өзіңіздің ұстаздарыңыз жайлы айтсаңыз, шәкірттеріңіз көп пе? 

- Әнші болуыма бірден бір себепкер - 5 жасымда ән өнеріне баулыған әкем Рысқали. Ал кәсіби деңгейде білім беріп, өнердің қыры мен сырына көзімді ашқан Санақ Әбеуов болды. Одан кейін Бекболат Тілеуханов болды.      

Ал шәкірттерімнің барлығынан да керемет әнші шығады деп айтуға болмайды. Оны болашақ көрсетеді. "Әміредей әнші" боламын деп, биікке ұмтылып, еңбек етіп жатқан адамның, әрине жұлдызы жанады. Жасұлан Мұсағалиев, Жақсыгелді Маясаров, Біржан Бәзілжанов секілді шәкірттерім бар. Оларға көп ізденіс пен еңбек керек.

- Ұлттық домбыра неліктен брендке айнала алмай келеді?

- Ол үшін арнайы хабарлар ашылуы керек. Дәстүрлі әндер туралы жазылған мақала, ғылыми еңбектеріміз жеткілікті болуы шарт. Қазақ жерінде қазақтың ұлттық өнері бірінші орында тұруы керек. Кез келген іс-шара, мәдени шаралар міндетті түрде домбырамен ашылуы керек. Домбырамен жабылуы да керек. Сонда ғана әніміз де, күйіміз де, домбырамыз да құлаштап, қарыштап дамып, ұлттық брендке айналады.

Шәкірттерімен бірге...

- "Ғаламтор мен дәстүр" деген тақырыпта пәлсапа айтып көрсеңіз...

- Біз жаңалықтан қорықпауымыз керек. Кім аударса да, "ғаламтор" деген сөз өте сәтті екен. Ғаламтор шынында, әлемді қамтитын тор. Мәселен, ғаламторға қазақтың бір дәстүрлі әнін енгізіп қойса, сол қазақтың әні әлемге таралады деген сөз. Ғаламтор - ұлттық өнеріміздің насихатын жүргізудің ең тиімді құралы және бұдан қашуға болмайды. Дәстүрдің озығы да, тозығы да болады. Озығы осы - ғаламтор екеніне дау жоқ. Таяқтың екі ұшы болады ғой, сондықтан әркім ғаламторда пайдалы іс жасауы керек.

Әңгімелескен: Ардақ Құлтай 

4358 12
Рейтинг: +9

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 11 желтоқсан 2012, 19:24
Пікірлер
+0
11 желтоқсан 2012, 09:40

Даусы керемет екен!

+0
11 желтоқсан 2012, 09:43

Ерекеңнің өнеріне тәнтімін. Дәмдес те болдым. Өте қарапайым жан, қарапайымдылығы сол, "ана әнді айтыңызшы" деп өтінсең кергімей айта береді. Адами қасиеттерін жоғалтпаған. Жоғарыда атап өткен үш шәкірттерінің үшеуінен де үміт күтуге болады. Үшеуі де жап-жақсы табыстарға жетіп жүр.

+0
11 желтоқсан 2012, 09:49

концертіне қанша оқталсам да бара алмай қалдым ;) өзін де, өнерін де сыйлаймын Ерлан ағаның

+0
11 желтоқсан 2012, 11:03

видеоға неге шектеу қойылған?

+0
11 желтоқсан 2012, 11:39

Ашылып тұр ;)

+0
11 желтоқсан 2012, 11:45

Бұл кісі сөзді де, әнді де өлтіреді енді. Нағыз осы заманның бұлбұлы. Бүгінгі Біржан сал дерсің! Басымды ием...

+0
11 желтоқсан 2012, 12:35

Даусы керемет екен. Бекболаттың шәкірті екені көрініп тұр.

+0
11 желтоқсан 2012, 14:50

Осы кісіні көбі заманынан кешігіп туған сері дейді. Сонда біздің қазіргі заманда Еркін, Рамазан, Ерлан секілді ағалар болмауы керек пе еді?! Онда бізге балалар мұрасын жеткізуші де болмас еді. Ерланның ортамызда жүргені мақтан біз үшін. Өнер мен өлеңді ұстанған адам қай дәуірде де еңіреп өткен. кеше туғанда Ақан мен Біржандай тентіретіп, Балуан шолақ пен Мәди секілді тас түрмеге қамап тастар ма ек?!

+0
11 желтоқсан 2012, 16:12

өзім ең қатты ұнататын және ең жақсы көретін әншілердің бірі!

+0
11 желтоқсан 2012, 17:17

"Ғаламтор - ұлттық өнеріміздің насихатын жүргізудің ең тиімді құралы және бұдан қашуға болмайды" Өте дұрыс айтқан!

+0
11 желтоқсан 2012, 22:27

Әнді керемет айтты, маған ұнап қалды

+0
11 желтоқсан 2012, 23:04

Тамырынан ажырамаған, ән тарихына өте бай жігіт!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...