Өз-өзін өлтірмек болған неміс сарбазы

Өз-өзін өлтірмек болған неміс сарбазы
Фото: world.huanqiu.com

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Майданның екінші тұсынан куәлік

Вольфганг Морель: "22 қаңтарда-ақ мен тұтқынға түстім. Қысқы киімде шаңғымен келе жатқан он бес шақты адамды – бір топ орыс әскерін көргенде, күрес күзетінде жалғыз едім. Атайын десем, пайдасы шамалы, бірақ тұтқынға берілетін де жөнім жоқ. Жақын келген кезде, олардың моңғол екендерін көрдім. Олар өте қатігез деп еститінмін. Немістің тұтқынға түскен әскерлерінің көзін ойып, денелерінің порша-поршасын шығарады деген алып-қашпа әңгіме жүрді. Бұндай ажалмен өлуге дайын емес едім. Одан бөлек орыс штабында сұрақтың астына алып, қинай ма деп қатты қорықтым, айтатын ештеңем де жоқ еді, мен жай ғана қарапайым әскермін ғой. Тұтқынға түсу мен азапталып өлем бе деген қорқыныштан өз-өзіме қол жұмсауды ұйғардым. Мен өзімнің 98k маузерімді алып, олар он метрдей жақындағанда аузыма тақап, аяғыммен шүріппені басып қалдым. Орыстың қысы мен неміс қаруының сапасы менің өмірімді құтқарып қалды: күн қатты ызғар болмағанда және қарудың бөліктері мұз боп қатып қалардай соншалықты керемет жымдаспағанда, сіздермен қазір әңгімелесіп отырмаған болар едім. Мені қоршап алды. Біреу "Хенде хох" деді. Мен қолымды жоғары көтеріп, бір қолымман мылтықты ұстап тұрдым. Біреуі жаныма жақындады да, мылтықты қолымнан алды, сосын бірдеңе деді. Ол маған: "Сен үшін соғыстың біткеніне қуан" дегендей көрінді. Олардың достық көзқараспен келгендерін түсіндім. Мен олар көрген алғашқы неміс болуым керек". 

iremember.ru сайтынан

М. Оңғарова