Өртке оранған жауынгер

Өртке оранған жауынгер
Фото: Ерболат Қанатбек

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Кітап аудармасынан үзінді:

Османов Талғат Сабырұлы 1924 жылы өмірге келген, Көкшетаудың тумысы. 1942 жылы 18 жасында соғысқа шақырту алады. Екі ай Ташкенттегі жиында болып, сол жерден соғысқа аттанады. Сол кеткеннен хабар болмады. Талғаттан келген соңғы хатта 1943 жылы 23 қазан деген күн жады көрсетілген. Жерленген жері белгісіз. Біздің атамыз Османов Шауқат Сабырұлы 1926 жылы туылған, Талғаттың кіші інісі. Ол өмірден озбай тұрып ағасын іздеп табуға көп күш салды. Сол жылдар ішінде бір анықтағаны – 88-ші гвардиялық дивизияның 271-ші гвардиялық атқыштар полкінде болып, жарақат алған. 1943 жылы Днепрдегі шайқаста өртке оранған.

Жанна Абдрахманова

@. @assel_assanova