9 мамыр. Ардагерлерге мың алғыс

9 мамыр. Ардагерлерге мың алғыс
Фото: strategy2050.kz

Құрметті ардагерлер! Мен сіздерді Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесімен құттықтаймын. Сіздер – болашақ ұрпаққа бейбіт күн сыйлаған, есімдеріңіз ел есінде мәңгі сақталар, ерліктеріңіз аңыз болып айтылып жүрер ардақты тұлғасыздар. Сіздердің бұл еңбектеріңіз, ерліктеріңіз – ұрпақтан-ұрпаққа қалған сарқылмас мұра. Сол мұраны қадірлеп, қастерлеп, кейінгі өскелең ұрпаққа жеткізу – бізге тапсырылған үлкен аманат.

Оралмай қаншама үміт,
Сөндірді мәңгі оттарын.
Майданның салдары көп,
Тигізді зардаптарын.

Қиындық туған сәтте,
Елдегі әйел, бала.
Қол ұшын созды бәрі,
Майдангер ағаларға.

Қан кешкен ұрпақ үшін,
Отанның ұландары.
Талқандап жаудың шебін,
Оралған қырандары.

Желбіреп жеңіс туы,
Көгімде қалықтаған.
Жетпіс жыл міне, толды,
Еліме арман болған.

Бейбіт күн тарту еткен,
Мың алғыс ардагерлер.
Көп жасап ортамызда,
Шаттыққа кенеле бер.

Денсаулық, бақыт тілеп,
Бейбіт күн ұландары.
Мың тағзым ете отырып,
Ұланың жыр арнады.

Нұрманов Азамат Ерболатұлы
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Кемерши ауылы
Қ.Жазықов атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы

Ж. Исакаев