Саласпилс еңбек лагері туралы

Саласпилс еңбек лагері туралы
Фото: voluntary.do.am

Саласпилс («Куртенгоф» тұтқындарды бір жерге жинап ұстайтын лагері) – Екінші Дүниежүзілік соғысы кезінде Германия басып алған Латвия жерінде құрылған лагерь. 1941 жылдың қазан айынан 1944 жылдың жаз айлары соңына дейін Рига қаласынан 18 шақырым жерде, Саласпилс қаласының жанында орналасқан.

Бұл лагерь балаларды қамауда ұстап, жараланған неміс солдаттарына донор ретінде пайдаланғанымен әйгілі.

1941 жылдың күзінде лагерьді Германиядан жеткізілген еврейлер салды. Алғашқы тұтқындар 1942 жылдың мамыр айында пайда болды.

1943 жылдың наурыз айында Латгалия тұрғындары ауыл шаруашылығының табысын, салығын, әйелдері мен балаларын бермегені үшін лагерьге қамала бастады.

1944 жылдың көктемінде халықты неміс бұйрықтарына қарсы шығуға шақырған Латвия интеллигенциясын қамау басталды.

Саласпилске абақты тұтқындары жаппай атуға жіберілетін. Сондай-ақ бұл лагерьде Литвада Waffen-SS легионын құруға жол бермеген литвалық генералдар да ұсталған. Айтпақшы, осы адамдардың арқасында әлгі неміс легионын құру жоспары орындалмады.

Саласпилс лагерінде барлығы 100 мыңдай адам тұтқында болды.

1944 жылдың тамызында тірі қалған тұтқындағылардың бәрі Штуттгоф лагеріне ауыстырылды. Кеңес солдаттарының келуіне орай барлық лагерь өртенген еді.

Қалған-құтқан лагерьлерді неміс солдаттарын қамауда ұстау үшін пайдаланылды.

1967 жылы лагерьдің орнына Саласпилс мемориал кешені тұрғызылды.

Тәуліктік тамақ мәзірі ретінде 150-300 гр үгінді аралас нан мен көкөніс қалдықтарынан жасалған сорпа берілетін. Еңбек уақыты 14 немесе одан да ұзақ уақыт болатын.

Тұтқындағыларды 15 шақты өлім түрімен өлтіретін.

Балалар аналарының жанында ұзақ уақыт болмайтын. Немістер оларды күшпен тартып алатын. Ауырып қалған балаларды одан сайын сырқаттандыру үшін шомылдырып, 2-3 күнде өлтіріп тынатын. Немістер балаларды моншаға айдап, суық сумен жуындыратын. Үлкендеу балаларды салқын жерде еш киімсіз 5-6 күндей ұстайтын. Бұдан кейін тірі қалған балаларды күшәла (мышьяк) беріп, өлтіретін.

Бір жылда лагерьде 4000-ға жуық бала көз жұматын. Кейбір аналар қайғыдан қам жеп, есінен адасатын.

Мінеки, бұл бір лагерьдің тарихы, сонымен қатар адам баласына жетпеген қаншама фактілер бар екенін де ұмытпайық.

Ф. Абилова